
Заман ағымына қарай еліміздің сот саласы ақпараттық технологиялардың көмегімен жұмыс жасауға көшті. Қазіргі карантиндік шектеулер кезеңінде де сот жүйесіне енгізілген заманауи технологиялар өзінің тиімділігін көрсетуде. Соның нәтижесінде халықпен кері байланыс орнату денгейі көтереліп, жұмыс сапасы арта түсті.
Осы орайда күнделікті жаңартылып отыратын соттардың ресми сайтары, халыққа қолжетімді «Сот кабинеті», «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестелері», «Сотқа шақыру қазағы», «SMS-хабарлама», «Дыбыс-бейнеге жазу» жүйелері халыққа электронды қызметті тиімді көрсетіп отыр. «Сот кабинеті» сервисі арқылы сот құжаттардын және істерді іздеуге, мемлекеттік бажды онлайн түрде төлеуге, істі қарау барысын қадағалауға, «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін ішінара алуға, «Талдау» Форумына (сот практикасын қорыту) ауысуға болады. Одан бөлек, сот отырыстардын аудио, бейнежазба құралдарымен түсіріп алу жүйесі жолға қойылған.
Қазіргі таңда атқару парақтары жүз пайыз электронды ңұсқада дайындалады. Сот актісі қабылданғаннан кейін әр іс бойынша «Төрелік» ақпараттық жүйесінен шығатын атқару парағының дайын үлгісіне керекті тараптар және сот актісі бойынша орындалуға жолданады. Бұл сот отырысы хатшысының уақытын барынша үнемдеп, сот актілерін жедел әрі тисінше орындауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар «Сот кабинеті» сервисінің пайдаланушылары құжаттардың орындалғаны туралы хабар алып отырады.
Мемлекеттік мекемелер хат алмасу да толық электонды форматқа көшкен. Құжат айналымы механизмі жеңілдетілді.
Барлық құжат «Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» (бұдан әрі-ЭҚАБЖ) арқылы жүреді.
Сот хабарлауы, шақыруы, сот актілерін орындау және сот актілерінің орындалғаны жөнінде ақпараттары кезек күттірмей жолданып, қабылданып отырады.
Сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді. Айта кететіні- қауіпті індеттің таралуына байланысты сот жүйесі толықтай онлайн форматқа көшті. Бүгінгі күні іс-құжаттары, талап-арыздар мен өтініштер «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы қабылданып, сот отырыстары WhatsApp және TrueConf мобильді қосымшаларының көмегімен өткізілуде.
Уақыт талабы адамзаттың алдына үнемі жаңа міндеттер қояды. Қоғам алға жылжыған сайын, заман талабына сай өзгерістерге бейімделуге, жаңа шешімдер қабылдауға тура келеді. Қоғамдық өмірдің өзгерістері заңнамаларға түзетулер енгізуге әкеліп жатады. Ондағы мақсат – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды уақыттың талабына сай барынша оңтайландыру.
Айнагүл Құттыбекова,
Көксу аудандық сотының бас маманы