
Сыбайлас жемқорлыққа тән белгі лауазымды адамның әрекеті мен оған жұмыс берушінің мүдделері арасындағы немесе таңдап алынған тұлғаның әрекеті мен мүдделерінің арасындағы қайшылық болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды адам жасаған алдау – арбауға ұқсайды және мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыстар қатарына жатады. Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрлері қылмыстық іске жатады. Ең алдымен бұған парақорлық жатады. Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың бір түрі, бұл лауазымды тұлғаның жеке тұлғаға қандай да бір қызмет көрсетіп, соның өтеуі ретінде пайда табуымен сипатталады. Бұл ретте тек лауазымды тұлғаның пара алуы ғана емес, сонымен қатар пара берушінің заңсыз түрде сыйлық беруі де заңға қайшы әрекет болып табылады. «Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарының сақталуы жөніндегі жұмыстар қатаң бақылауға алынып, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұдайы жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және рухани-адамгершілік ахуалы туралы бөлім мамандарына түсіндіріліп, күнделікті бақылауға алынған. Бөлім қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы видео роликтер көрсетіліп тұрады және отырыстар жоспарға сәйкес өткізіледі. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы өткізілетін іс-шараларға бөлім қызметкерлері қатысып отырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімінің жылдық жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі еліміздің ұстанып отырған басты бағытының бірі. Егер әрбір басшы, әрбір қызметкер, әрбір азамат бұл мәселені сана-сезімімен өз қолына алмаса, еліміздің ертеңіне балта шабылатыны сөзсіз. Жемқорлықты болдырмау – баршаның ортақ парызы, абыройлы міндеті. Күшті, қуатты, экономикасы тұрақты мемлекет болу үшін, ұрпағымыздың ертеңі үшін біздер бүгінгі бұл қоғамдық дертті жеңе білуіміз керек. Гүлденген елімізде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жеке құрам арасында белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. Негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықты нығайтуға, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа жол беретін себептер мен шарттарды жою бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністері мен басқа да заң бұзушылықтарды уақытылы алдын алу мен жолын кесу мақсатында жедел-профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлық қылмысына жол бермеу үшін барлық күш-жігерімізді салып жұмыс атқарудамыз.
«Көксу ауданының экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесі.