ӘЛЕУМЕТ

ЖАЗҒЫ МЕКТЕПКЕ КЕЛУ - ОҚУШЫНЫҢ ӨЗ ЕРКІ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 03.06.2021
Оқылды: 1724 Печать страницы
ЖАЗҒЫ МЕКТЕПКЕ КЕЛУ - ОҚУШЫНЫҢ ӨЗ ЕРКІ

Білім және ғылым министрлігі ата-аналардың өтініштері бойынша оқушылар 26 мамырдан 19 маусымға дейін жазғы мектептерде сабақ оқи алатынын мәлім етті. Бұл, әсіресе үлгерімі нашар оқушыларға жақсы мүмкіндік. Мамырдың 26 күні жазғы мектептер осылайша қашықтан оқыту кезінде оқу үлгерімі нашарлағандарға олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік беруде. Жазғы мектеп оқушыларға білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ, балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Баланы жазғы мектепке қабылдау үшін ата-ана алдымен өтініш жазуы керек. Сабақ оқуға ниет білдірген барлық бала қатыса алады. Тегін оқуда үлгерімі төмен балаларға басты назар аударылады. Жазғы мектепте сабақтар санитарлық талаптарға сай өтеді. Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді. Олар мектепке еркін киініп келе алады.
«Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жетіжал орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ата-аналар өтініші негізінде 1-10 сыныптар арасында 67 оқушы жазғы мектепте білім алуда. Жетіжал орта мектебінің оқушылары жыл бойы штаттық режимде білім алсада, ата-аналар өтініші негізінде оқушыларға сабақтар уақытылы өткізіліп, білім бер үрдісі өз жалғасын табуды. Сонымен қатар мұғалімдер дарынды оқушылармен ғылыми жоба, «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсына, әдеби оқуларға дайындық жұмыстарын қарқынды жүргізуде.   
    Пандемия кезінде оқушылар мен ұстаздар да мектеп қабырғасын сағынып қалғаны бәрімізге мәлім. 2021-2022 оқу жылында еліміздің барлық мектептері дәстүрлі форматта оқиды деп сенемін. Оқушылар мен ұстаздарға алдағы жазғы демалыста сәттілік тілеймін.

Гүлжанат Жүмәділлә, Жетіжал орта мектебінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.