
Бұл күн мектеп түлектері
үшін тарихи күн. Биыл тұңғыш
рет төртінші тоқсанды қашықтан
оқып, соңғы қоңыраусыз
аттестат алды. Бұл оқушы
өміріндегі ең ерекше сәт болса
да, карантин талабын бұзбау
міндет. Маусым айының 14-
ші жұлдызында Нұрмолда
Алдабергенов атындағы орта
мектебінің жас түлектеріне
аттестат тапсыру салтанаты ел
тәуелсіздігінің 30 жылдығына
орай «Тәуелсіздік ұландары»
деген атаумен мектеп
аумағында, көгілдір аспан
астында ұйымдастырылды.
Бұл жай ғана аттестат алып
мектеппен қоштасу шарасы
ғана емес, он бір жыл бойы
білім нәрімен сусындатқан
ұстаздарының инемен құдық
қазғандай еңбектерінің ақталған
күні болып есте қалды. Биыл 50
оқушы мектепті тәмамдаса оның
екеуі «Алтын белгі» иегерлері.
Мектеп оқушыларының
білім деңгейін анықтайтын
республикалық, облыстық,
аудандық білім сайыстары мен
пән олимпиадаларында жеткен
жетістіктерін жас түлектерді
ортаға шақырып мадақтағанда
мектеп ұстаздары мен ата-
аналардың көздеріне жас келіп,
толқыды. Кеудесін мақтаныш
кернеді. Иә, әрбір оқушы
бір-бір үйдің үкілеген үміті,
ертеңгі болашағы. Сол күні
бала шақтан болашаққа қадам
басқалы отырған түлектердің
өзі де әдеттегі күндерден артық
құлпырып, ерекше ажарланып
кеткендей.
Жақындардың жүрекжарды
лебіздері, мектеп өміріндегі
қызықты сәттер мен ұстаздарға
деген ыстық ықыластар – мектеп
түлектерінің алтын ұямен
қоштасу рәсіміне арналған
салтанатты сап-түзеу сәтінде
көрініс тапты. Бітіруші жас
түлектер өмірдегі ең маңызды
құжаттардың бірі – орта мектепті
тәмамдау жөніндегі аттесттарын
қолға алды.
Түлектерді ұлықтау және
оларға аттестат тапсыру
салтанаты музыкалық
қойылымдармен жалғасты.
Концерттік бағдарламаның
төрінде бітіруші жастар
мұғалімдеріне деген шексіз
алғыстарын әуелеген әнмен
жеткізіп, әсем бидің ырғағында
тербелді.
Алғашқы құттықтау сөз алған
мектеп директоры Фарида
Абдураимова түлектерге
бойларындағы күш-жігерлеріне
деген сенімділікті жоғалтпай,
алға қойған мақсаттарына
жетудегі ұмтылыс пен әрбір
бастамаларына сәттілік тілеп,
мектеп абыройын асқақтатқан
оқушылардың марапаттарын
салтанатты түрде табыстады.
– Осы мектептің түлегі
болғаныма мақтанамын.
Мектеп қабырғасында өткізген
қызықты әрі мазмұнды 11
жыл менің есімде мәңгілік
сақталады. Ұстаздардың берген
сапалы білімі болашақта менің
табысты маман болуыма өз
септігін тигізетініне сенімдімін.
Пандемия жағдайы менің
болшаққа деген көзқарасымды
өзгертіп, елімізге пайдасы
тиетін білікті дәрігер болуға
деген арманымды шыңдай
түсті. Осы орайда білімге деген
құштарлығымды әрі қарай
шыңдап, жоғарғы санатты
дәрігер болу үшін бар күш-
жігерімді салатын боламын, –
деп «Алтын Белгі» иегері Ақерке
Исаева жүрекжарды лебізін
білдірді.
Салтанатты шарада
спорттан, ән, би байқауларынан
жүлделі болған түлектер де
назардан тыс қалмады. Шара
соңында бітіруші түлектер
мектеп вальсін биледі, іштей
армандарын тілеп, ақ шарларын
көкке ұшырып ұзақ қарады.
Мектептегі өмірмен
қоштасып, өмірдің жаңа белесіне
қадам басқан жас түлектерге біз
де сырттай бақыт тілеп қалды