
Еліміз Тәуелсіздік алғанына биыл 30 жыл толып отыр. Ел тарихының өткеніне көз жүгіртсек алған асуымыз, шыққан биігіміз жетерлік. Ауыз толтырып айтарлық небір игі істеріміз бір төбе.
Алайда, жарқын жасампаз істерге тосқауыл болып отырған келеңсіз көлеңкелі істерде баршылық.
Қоғамның дамуын тежейтін, Тәуелсіздікке нұқсан келтіретін қауіпті індет, бүгінде бау бақшаға өскен арам шөптей қаулап алған - ЖЕМҚОРЛЫҚ .
Қазіргі кезде елімізде Сыбайлас жемқорлықпен күресу жалпы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырылып отыр.
Ендігі кезекте осы тақырып шеңберінде, сыбайлас жемқорлық деген не?, пара деген не?, шараның қандай түрлері болады?, сыбайлас жемқорлықты жою үшін не істеуге болады? Осы және басқада тақырыптар бойынша оқырман қауыммен біраз ой бөліссем:
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз - Мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкердің өзіне тапсырылған мүмкіндіктерін жеке басының мүддесі мен пайдасы үшін жасайтын қоғамға қауіпті іс әрекеттері.
Пара ұғымы жайында айтар болсақ:
- Пара дегеніміз - пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс әрекеті.
Параның түрлері ретінде кез келген бұйымдар, ақша, бағалы қағаздар, асыл металдан жасалған бұйымдар, жылжымайтын мүлік, жер телімдері танылады.
Мұнымен қатар параның жасырын түрі ретінде ол адамның параны талап етушіге немесе оның туыстарына жоқ қарызды төлеуді талап ету, еңбек ақының төленуімен жалған келісім жасау, лотерядан кездойсоқ ұтысқа ие болу түрінде кездеседі.
Коррупция сөзі латын тілінен аударғанда сатып алу, пара деп анықталады.
Рим құқығында сындыру, бүлдіру, зақымдау, параға сатып алу деген ұғымды білдіреді.
Орыс тілінің сөз терминінде пара беріп сатып алу, лауазымды қызметкердің, саяси қызметкердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
1998 жылы 2-ші шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» №267 Қазақстан Республикасының заңы қабылданып, 2015 жылы жойылған.
2015 жылы 18-ші қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Бүгінде 5 тараудан тұратын заң жұмыс істеп тұр.
Аталған заңды қоғам өмірінде іске асыру жолында төменде аталған жеті қағиданы күнделікті өмірде қолдану бүгінгі заманның талабы.
Ол қағидалар: риясыздық, сатылмастық, әділдік, есептілік, ашықтық, арды, абыройды сақтаушылық, басшылық.
Бүгінде жүйелі жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді.
Сыбайластық пен жемқорлықтың жоба туралы заңды орындап, мемлекеттік саясатты іске асыруға аудандық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесі де өз үлесін қосып біршама іс-шаралар атқарып келеді.
Атап айтсам: ауданда үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Көксу ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» туралы 1 000 000 теңгеге ашық конкурс жарияланып, «Болашақ бағдары» қоғамдық бірлестігі 714 286 теңге көлемінде баға қойып, жеңімпаз атанды. Аталған қоғамдық бірлестікпен 714 286 теңгеге келісім шарт жасалып 1 акция, 1 семинар, 1 мақала байқауы, 1 сурет байқауы, 12 кездесу өткізілді.
Аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы имунитет қалыптастыруда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 1 акция ұйымдастырылды, автобекет, сауда-саттық орындарында, базарларда түсіндірме жұмыстары жүргізілді және үлестірмелі материалдар таратылды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Алматы облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Негметжанова Мариям Қадірқызы денсаулық сақтау, білім беру және т.б. әлеуметтік-еңбек қатынастары арасында жемқорлықты болдырмау арқылы ел экономикасын дамыту бойынша «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды жан-жақты түсіндіре отырып, 1 онлайн семинар өткізілді. Семинар қатысушыларына 70 сертификат және ақпараттық брошюралар, қалам, блокноттар таратылды.
Көксу ауданының тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру іс-шаралары бойынша және тұрғындардың шығармашылық потенциалын арттыру мақсатында «Жемқорлық-індет, күресу-міндет!» тақырыбында 1 мақала байқауы өткізілді. Мақала байқауына 9 қатысушы қатысып, жеңімпаз атанған 3 қатысушыға диплом және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Көксу ауданының тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру іс-шаралары бойынша және тұрғындардың шығармашылық потенциалын арттыру мақсатында «Жемқорлық-індет, күресу-міндет!» тақырыбында 1 сурет байқауы өткізілді. Сурет байқауына 10 қатысушы қатысып, жеңімпаз атанған 3 қатысушыға диплом және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Айнабұлақ, Алғабас, Қабылиса, Лабасы, Мұсабек, Мұқыры ауылдық округінің тұрғындарына, мекеме қызметкерлеріне Zoom платформасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Дәулет Қуатұлы «Сыбайлас жемқорлыққа жоқ» атты тақырыпта 6 кездесу әр ауылдық округпен жеке өткізді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында өз мемлекетіне жауапкерішілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу жұмыстары бойынша толық ақпарат берілді.
Балпық, Еңбекші, Жарлыөзек, Мұқаншы ауылдық округінің тұрғындарына, мекеме қызметкерлеріне Zoom платформасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсе менеджері Илияс Сайлаубайұлы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта 4 кездесу әр ауылдық округпен жеке өткізді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу жұмыстары бойынша толық ақпарат берілді.
Аудан жастары, тұрғындары және аудан әкімдгінің қызметкерлеріне Zoom платформасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Алматы облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Негметжанова Мариям Қадірқызы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта 2 кездесуді жеке өткізді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу жұмыстары бойынша толық ақпарат берілді.
Көксу ауданының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында 200 000 теңгеге «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» туралы мемлекеттік және орыс тілінде екі түрлі 2 видеоролик түсірілді.
Жалпы қорытып айтқанда Сыбайластық пен жемқорлық қоғамның індеті.
Індетті жою әрбір азаматтың міндеті.
Сол үшінде сыбайластық пен жемқорлықтың жою жолында күш біріктіргеніміз абзал.
Азамат Қисметов,
Көксу ауданының ішкі
саясат бөлімінің басшысы.