
Биыл балалар үшін жазғы демалыс ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Қазақстан балалары-жазды қуанышқа толтырайық!» тақырыбымен ұйымдастырылуда.
Балаларымыз үшін жазғы демалыс санитариялық –эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған алгортимді және балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру кезіндегі санитариялық талаптарды сақтай отырып жүргізілуде.
Осы орайда айтар болсам 2021 жылдың жаз маусымдағы балалармен жасөспірімдердің демалысын сауықтырылуын ұйымдастыруы бала тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірін жүзеге асыруы болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, балалардың денсаулығын нығайтуға, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында I кезеңде бірқатар жұмыстар орындалуда. Лагерь жалпы білім беретін мектептердің оқушыларынан құрылады.
Лагерь балалары аудандық білім беру ұйымдарының оқушыларынан жинақталады. Балалар мен жасөспірімдердің лагерде болу мерзімін және ауысым санын білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары берген нұсқауларын, табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, анықталды.
Лагерде топтар, отрядтар, бағдарлы бірлестіктер құрылды. Оларды толықтыру оқушылардың жас ерекшеліктеріне және ынта-ықыластарына, санитарлық-гигиеналық нормаларына, техника қауіпсіздігі ережелеріне кадрлар мүмкіндіктеріне сәйкес анықталды.
Жұмыс мазмұнын, түрін және әдісін балалар мен жасөспірімдердің ынта-ықыласын ескере отырып, демократиялық және адамгершілік, ұлттық және мәдени-тарихи дәстүрлерді дамыту негізінде лагерь ұжымы анықтады.
«Қарлығаш» балалардың демалыс және дамыту орталығына Жалпыға білім беру қорынан жазғы демалысқа 3 млн 600 жүз мың теңге бөлініп, әлеуметтік тұрмысына қарай ауданымыздың 200 баласына лагерге демалуға жолдама берілді.
«Қарлығаш» демалыс және дамыту орталығының балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру барысында оқушыларды 5 кезеңге бөле отырып, әр кезең 10 күннен: І кезеңде 19-28 маусым аралығын қамтып ол бойынша 71 бала демалуда.
Лагерде 1-10 сынып аралығындағы оқушылар қамтылды. Жас ерекшеліктеріне, оқыту тіліне қарай балалар «Жалын», «Астана», «Динамит», «Арыстанчик», атты 4 топқа бөлінді. «Жалын» тобында 18 бала, «Астана» тобында 18 бала, «Динамит» тобында 16 бала. «Арыстанчики» тобында 19 бала орналасты. Әр топтың өзінің тәрбиешісі тағайындалды. Тәрбиешілер ауданның тәжірибелі мұғалімдері арасынан алынды.
Жазғы сауықтыру лагері барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері де басты назарда. Лагерге келген әр балада денсаулығы жайлы анықтама мен вирус жұқтырғандармен қатынаста болмағанын растайтын құжат COVID -19 вирусына жүргізілген лабороториялық сараптамалардың негізінде берілген рұқсат қағаздарымен қабылданды.
Қазіргі күнде жазғы лагерде жұмыс істейтін топ басшылар мен тәрбиешілер, шаруашылық бөлімінің қызметшілері толықтай вакцина салдырған мамандар жұмыс жасап жатыр.
Айгерім Уразымбетова,
Қарлығаш балалардың
демалыс және дамыту орталығының
директоры.