
Сәуір айының 9-ы күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мақсатында «Алматы облысы бойынша терроризмге қарсы тұрғындардың қауіпсіздігіне және құқық бұзушылықтың алдын-алуға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» атты лот аясында семинар өтті.
Бұл жиынға ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті академиясының оқытушылары Болат Шоманов, Евгений Ли, аудандық мектеп оқытушылары мен ІІБ түгелдей қатысты.
Семинардың басты мақсаты: террорлық әрекет кезіндегі іс-әрекеттер туралы мағлұмат беру. Осы туралы еліміздегі болып өткен террористтік жағдайларды видеоролик түрінде көрсетіп, қауіп деңгейлерін түсіндірді.
Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс.
Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп – салдары қазақ елінің соңғы бір жылдан бері үсті - үстіне болған жарылыстардан ұйтқысы қашып, мазасы кете бастады. Өткен жылы Ақтау абақтысынан басталған діни дүрбелең, іле - шала Ақтөбеде, қазір халық енді қай жерде дүмпу болады деп үрей құшағында өмір сүруде. Бұл жағдай елімізде ең маңызды жоғары мәселе болып отыр. Діни экстремистердің жетегіне еріп кететіндердің ішінде қазіргі таңда жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы мен отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, Ислам дінін терең білмейтіндер, әсіресе миссионерлердің үгіт-насихатына тез ілігеді. Көптеген жасөспірімдер мен мемлекетіміздің болашағы болатын жас ұрпақтарымыз Иегова куәгерлері, Кришна сектасы, Саентология шіркеуі, т.б. секталарға кіріп, өздерінің қандай бағытта өмір сүріп жатқандығын, қандай секталық бағытқа бара жатқандығын білмей ата-аналарының айтқандарынан шығып, өмірде дұрыс емес, бұрыс жолдарға түсіп кетіп жатыр. Бұл мәселемен мемлекет және Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасымен қоса қоғам болып күресу керек. Сонда ғана нәтижелі жұмыстың жемісін көруімізге болады.
Бүгінгі өткен семинар барлық қатысушыларға үлкен әсер қалдырды деген ойдамыз. Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын»,- деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп елді бірлікке шақырып отырған. Сондықтан, бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық.