ӘЛЕУМЕТ
КӨКСУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
Санат: ӘЛЕУМЕТ | |
Уақыты: 03.07.2021 | |
Оқылды: 1161 | Печать страницы |
ҚАУЛЫ
Көксу ауданының ауылдық округтері
әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы
Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына,
22-бабына сәйкес Көксу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көксу ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін
құру:
1) Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі – Айнабұлақ ауылдық округінің шекарасындағы
Айнабұлақ сайлау округі;
2) Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі – Жарлыөзек ауылдық округінің шекарасындағы
Жарлыөзек сайлау округі;
3) Қабылиса ауылдық округінің әкімі-Қабылиса ауылдық округінің шекарасындағы
Қабылиса сайлау округі;
4) Мұқаншы ауылдық округінің әкімі – Мұқаншы ауылдық округінің шекарасындағы
Мұқаншы сайлау округі.
2. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау
комиссиясының орналасқан жері көрсетілген Көксу аудандық сайлау комиссиясының
интернет-бетінде және «Nurly Koksy» аудандық газетінде жариялансын.
Көксу аудандық
сайлау комиссиясының төрайымы Ж. Байұзақова
Көксу аудандық
сайлау комиссиясының хатшысы М. Алмабаева