ӘЛЕУМЕТ
Көксу ауданының ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Санат: ӘЛЕУМЕТ | |
Уақыты: 03.07.2021 | |
Оқылды: 1178 | Печать страницы |
КӨКСУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
ҚАУЛЫ
Көксу ауданының ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындау
туралы
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы
Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Көксу аудандық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көксу ауданында 2021 жылғы 25 шілдеге сайлау тағайындалсын:
- Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі;
- Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі;
- Қабылиса ауылдық округінің әкімі;
- Мұқаншы ауылдық округінің әкімі;
2. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Көксу ауданының ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы Көксу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және
аудандық «Nurly Koksy» газетінде жариялансын.
Көксу аудандық
сайлау комиссиясының төрайымы Ж. Байұзақова
Көксу аудандық
сайлау комиссиясының хатшысы М. Алмабаева