ӘЛЕУМЕТ

Көксу ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 03.07.2021
Оқылды: 1410 Печать страницы
Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 2-тармағы 16) тармақшасына және «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Көксу ауданы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары бекітілсін.. 2. «Көксу ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Көксу ауданы әкімдігінің интернет- ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көксу ауданы әкімінің орынбасары Халелов Дәулет Кенжеханұлына жүктелсін. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі. Аудан әкімі А.Әділ
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.