
«Ауылдың дамуы - бұл бүкіл
еліміздің дамуы» Тұңғыш Президент–Елбасы,
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ə.Назарбаев
Құрметті Айнабұлақ ауылдық округінің сайлаушылары!
Мен, Мәулен Сайлаубайұлы Базилов, Куйбышев атындағы колхозында мұғалімдер отбасында туылдым. Орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша жоғары білімді алып, еңбек жолымды Қаратал ауданы Үштөбе қаласында орманшы қызметінде жұмыс атқарудан бастадым. Кейін, Куйбышев колхозында техникалық-қауіпсіздік инженері болып еңбек еттім. Аудандық эколог, облыстық қорғашан ортаны қорғау басқармасының бөлім басшысы, 2012 жылдан бері Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет атқарып келемін. Ауыл көшелеріне жарық жүргізіп, ауыз су мәселесін шештім.
Елмен етене араласып жүргендіктен, ауыл тұрғындарының күн сайынғы қиындықтарын бір кісідей білемін. Жол мәселесі бəрімізді де толғандырады, ауылдың дамығаны тұрғындар үшін өте маңызды.
Мен осы мəселелерді шешудің тетіктерін, ауыл өмірін қалайша жақсартуға болатынын білемін! Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!
Мен əрқашан байланыстамын!
Тел / WhatsApp: +7 775 773 47 33
Email:maulen.bazilov@bk.ru
Құрметпен, Мәулен Базилов
Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:
2021 жылы ауылдық округтің орталық көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі;
2023 жылы Айнабұлақ ауылының жолына жөндеу жұмыстары жүргізілуіне ат салысамын;
2024 жылы Айнабұлақ ауылында шағын спорт алаңның салуына ықпал етемін;
2024 жылы ауылдық округ әкімшілігінің жаңа ғимараты салынады.
Мен ауылдың бюджеті шектеулі екенін түсінемін, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:
2022 жылы ауылдық округте спорт алаңын салуға;
2023 жылы Ағыбай, Бартай, Байшапанов көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
2024 жылы Ағыбай көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге
күшімді саламын.
Туған ауылымдағы халқымның әл – ауқатын жақсартуға;
Округ ауылдарын абаттандыруға және көгалдандыруға;
Ауыл жастарының спортпен шұғылданатын түрлі жарыстарға қатысуы үшін жағдай жасауға
үлесімді қосамын.
#BizBirgemiz