
Қымбатты ауылдық
округ тұрғындары!
Мен, Балтабаев Тлеулы Кайролданович Талдықорған облысы, Киров ауданы Қызылтоған ауылында өмірге келдім. 2019 жылы Талдықорған қаласында орналасқан І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Дене шынықтыру және өнер» факультетінің Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша екінші жоғарғы білім алу үшін оқуға түстім. Аталған жоғарғы оқу орнын осы жылы аяқтаймын. 2002-2006 жылдары «Шақпақты» ЖШС-да жанармай құю станциясының меңгерушісі болып жұмыс атқардым, 2006-2015 жылдары «Тлеулі» шаруа қожалығының басшысы жұмысын атқардым, 2015-2017 жылдары Айнабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман қызметін атқарып, қазіргі таңда Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып қызмет атқарамын.
Елмен етене араласып жүргендіктен де ауыл тұрғындарының күн сайынғы қиындықтарын бір кісідей білемін. Жол мәселесі бəрімізді де толғандырады, ауылдың дамығаны тұрғындар үшін өте маңызды.
Мен осы мəселелерді шешудің тетіктерін, ауыл өмірін қалайша жақсартуға болатынын білемін! Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!
Құрметпен,Тлеулы Балтабаев
Мен əрқашан байланыстамын!
Тел / WhatsApp: +7778 289 60 02
Email:Tleuli1982@ mail.ru
Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:
Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануларына жағдай жасау жұмыстарын жүргізуге;
Округке қарасты шағын елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын қолға алу;
Ауыл жастарының шығармашылық қабілеттерін дамытуда мәдени іс-шараларды ұйымдастыру
күшімді саламын.
Округ ауылдары абаттандыруға және көгалдандыруға;
Ауыл жастарының спортпен шұғылданатын түрлі жарыстарға қатысуы үшін жағдай жасау
үлесімді қосамын.
#BizBirgemiz