
Қымбатты ауылдық
округ тұрғындары!
Мен, Әбілов Әлішер Нұрболатұлы1992 жылы Мұқыры ауылында қарапайым отбасында өмірге келдім.
Осы ауылдың мектебінде оқыдым, 2015 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша білім алдым.
Еңбек жолымды Көксу ауданы «Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде қызмет атқарудан бастадым. Содан кейін «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің және «Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы болым жұмыс істедім. Қазіргі уақытта «Мұқыры ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де жұмыс істеймін.
Қазіргі уақытта өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың үлкен әлеуеті бар, алайда ауыл шаруашылығына қатысты проблемалар да аз емес. Өзім қарапайым ауыл азаматы болғандықтан тұрғындардың және шаруалардың өзекті мәселелерінің оң шешімін тауып, маған дауыс берген азаматтардың сенімін ақтағым келеді.
Бұл саланың дамуына ел Президентінің де баса назар аударатыны түсінікті. Елде жүзеге асырылған экономикалық реформа жылдары күйзеліске, қиындыққа аса қатты ұшыраған саланың бірі, әрине, ауыл шаруашылығы өнеркәсіп кешені болды.
Мен осы мəселелерді шешудің жолдарын тауып, ауыл шаруашылық өнеркәсібін дамытуға өз үлесімді қосатын боламын. Ол үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!
Мен əрқашан байланыстамын!
Тел / WhatsApp: +7 775 495 71 61
Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:
Үкімет қабылдаған әлеуметтік бағдарламалардың орындалуына және оның сапасына бақылау жасау;
Округке қарасты шағын елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын қолға алу;
Ауылшаруашылық және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды орындалуын қамтамасыз ете отырып, жұмыссыздық мәселесін шешу;
Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануларына жағдай жасау;
Гендерлік саясат іске асыру бағытында жұмыстар жүргізу;
Ауыл жастарының шығармашылық қабілеттерін дамытуда мәдени іс-шараларды ұйымдастыру.
күшімді саламын.
Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша түскен қаражаттарды уақытылы және сапалы орындауға.
Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету;
Ауыл жастарының спортпен шұғылданатын түрлі жарыстарға қатысуы үшін жағдай жасау
үлесімді қосамын.
#BizBirgemiz