ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысы Көксу ауданы Қабылиса ауылдық округі əкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан үміткер ЕРКІН АМАНБАЙҰЛЫ БЕЙСЕНОВТІҢ 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 15.07.2021
Оқылды: 929 Печать страницы
Алматы облысы Көксу ауданы Қабылиса ауылдық округі əкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан үміткер ЕРКІН АМАНБАЙҰЛЫ БЕЙСЕНОВТІҢ 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Қазақстанда әр ауылдың 
да өзінің әлеуеті бар»

Тұңғыш Президент–Елбасы, «Nur Otan»
партиясының Төрағасы Н.Ə.Назарбаев

Құрметті Қабылиса ауылдық округінің сайлаушылары!

Мен, Еркін Аманбайұлы Бейсенов, Қабылиса ауылдық округінің Ақтекше ауылында туып, өстім. Мені де, отбасымды да бəріңіз жақсы білесіздер. Зооинженер  мамандығы бойынша  жоғары білім алғаннан кейін, Қабылиса ауылдық округінің дамуына үлес қосуға ат салыстым. Еңбек жолымды ауыл шаруашылығы саласынан бастадым. «Сарыой» шаруа қожалығын құрып, ауыл шаруашылығын дамуға өз үлесімді қостым. Іскерлік, ұйымдастырушылық қабілеттерімнің арқасында ауылдық ақсақалдар кеңесінің ұсынысымен Қабылиса ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалдым. Округте жеке инвестор тарту арқылы интернет желісі орнатылды, көпір орнатылды және ардагерлер аллеясы жөнге келтірілді. 
Сонымен бірге, ауыл аумағында өртке қарсы бекетінің құрылысы, түнгі жарық шамдарының орнатылуы қажет.
Мен осы мəселелерді шешудің тетіктерін, ауыл өмірін қалайша жақсартуға болатынын білемін! Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!
Мен əрқашан байланыстамын!
Тел / WhatsApp: + 7 707 526 62 62
Email: beysenov.yerkn@bk.ru
 
       Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:
Үкімет қабылдаған әлеуметтік бағдарламалардың орындалуына және оның сапасына бақылау жасау;
Округке қарасты шағын елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын қолға алу;
Ауылшаруашылық және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды орындалуын қамтамасыз ете отырып, жұмыссыздық мәселесін шешу;
Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануларына жағдай жасау;
Гендерлік саясат іске асыру бағытында жұмыстар жүргізу;
Ауыл жастарының шығармашылық қабілеттерін дамытуда мәдени іс-шараларды ұйымдастыру.
                     күшімді саламын.
Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша түскен қаражаттарды уақытылы және сапалы орындауға.
Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету;
Ауыл жастарының спортпен шұғылданатын түрлі жарыстарға қатысуы үшін жағдай жасау
                  үлесімді қосамын.
 
                     #BizBirgemiz
 
  Құрметпен, Еркін Бейсенов

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.