ӘЛЕУМЕТ

Құрметті Қабылиса ауылдық округінің сайлаушылары!

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 15.07.2021
Оқылды: 971 Печать страницы
Құрметті Қабылиса ауылдық округінің сайлаушылары!

Мен, Мыктыбаева Бахыткуль Мирамаловна     1983    жылы 10 қазанында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ынтымақ ауылында  дүниеге келдім.
Бала кезден мені адалдыққа, еңбек сүйгіштікке, туған жерді сүюге үйретті. Менде үш баламның бойына осы   құндылықтарды дарытуға тырысамын. 
«Тараз» институтына тарих құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша білім алдым. Еңбек жолымды 2006 жылы Тараз қаласында М.О.Ө.К зертханашы болып жұмыс атқардым. 2007 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Тұрғанбай ауылында №30 мектепте тарих, құқық пәнінің мұғалімі болып қызмет атқардым. 2007 жылы Көксу ауданы Ақтекше ауылына тұрмысқа шықтым. 2008 жылдан бері  Ақтекше ауылының «Ақын Қабан Жырау» атындағы мектебінде  тарих құқық пәнінен мұғалім болып қызмет атқардым. 2016 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарам. 
Елмен етене араласып жүргендіктен де ауыл тұрғындарының күн сайынғы қиындықтарын бір кісідей білемін. Жол мәселесі бəрімізді де толғандырады, ауылдың дамығаны тұрғындар үшін өте маңызды.
Мен осы мəселелерді шешудің тетіктерін, ауыл өмірін қалайша жақсартуға болатынын білемін! Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек! 
       Мен əрқашан байланыстамын!
       Тел / WhatsApp: +7 7055423061
               

   Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:      

1. 2021-2025 жылдар аралығында  Көптеген үкімет қабылдаған әлеуметтік бағдарламаларды орындалуына және оның сапасына жұмыс жасаймын;
2. 2021 жылы Ауылдың айналасын  көгалдандыру, абаттандыру мәселесін басты назарда ұстап, көшелерді  таза ұстау  бағытында жұмыстар жүргіземін;
3. Ауылдағы жұмыссыздықты  жою жолдарын қарастыру;
4. Шағын және орта бизнесті дамыту бағытында ұсынылған жобалардың жүзеге асырылуына ықпал ету.
5. Ауыл шаруа қожалықтарының ірілендіруге жұмыс жасаймын.
6. 2022 жылы  Салауатты өмір салтын ұстану бағытында тұрғындарға саябақ, балалар ойнайтын ойын алаңның жұмыстарын жандандыру;
7. Білім сапасын жақсарту үшін мектептің жұмысын жақсартуға ықпал жасау;

  Құрметпен,  Бахыткуль Мықтыбаева

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.