
«Ауылдарды өмір сүруге қолайлы мекенге айналдыруымыз керек»
Тұңғыш Президент–Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ə.Назарбаев
Құрметті Мұқаншы ауылдық округінің сайлаушылары!
Мен, Өмірәлінов Бақытжан Кендірбекұлы, Көксу ауданы, Көксу бекетінде дүниеге келдім. Зооинженер мамандығы бойынша жоғары білім алып, Еңбек жолын «Қазақ ССР-нің 50 жылдығы» атындағы совхозда жұмысшы болып бастадым.
«Жетіжал» қой совхозында зоотехник, «Қазақ ССР-нің 50 жылдығы» атындағы совхозда сүт-товарлы фермасының меңгерушісі, «Игілік» колхозында зоотехник, «Құралай» ЖШҚ – ның төрағасы, 2006 жылдан бері Мұқаншы ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келемін. Жұмыс жасаған кезінде ауылға инвесторларды тарту арқылы мешіт, дәрігерлік амбулатория салынуына ықпал еттім, ауыл көшелеріне асфальт төселді. Сонымен қатар, әлі де атқаратын жұмыстар бар. Жолдардың орташа жөндеу жұмыстары, газ тарту, Жетіжал ауылдық мәдениет үйіне жөндеу жүргізу қажет. Болашақта ауыл өмірін қалайша жақсартуға болатынын білемін! Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!
Мен әрқашан байланыстамын!
Тел / WhatsApp+77016223326
Email: Omiralinov@gmail.com
Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:
2021 жылы Көксу бекетіндегі тұрғындар көпшоғырланған көшелерге Қожабергенов, 8-март, Қазақстан, Қ.Байсейітов, С.Шалабаев, М.Әуезов және Нәдірізбек ауылына қатынайтын 5 шақырымдық жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне ықпал етемін;
2022 жылы Көксу бекетіне газ жүргізілуіне атсалысамын;
2021-2023 жж. Жетіжал ауылдық мәдениет үйіне жөндеу жүргізіледі;
Мен ауылдың бюджеті шектеулі екенін түсінемін, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:
ауылдарды абаттандыру, спорт және балалар ойын алаңдарын салуға;
халыққа коммуналдық қызмет көрсету сапасын арттыруға;
халық арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге
күшімді саламын.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық округ аумағына білікіті мамандарды тартуға;
Әлеуметтік тұрақтылықты және азаматтардың қорғалуын нығайтуға;
Жергілікті халықтың өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік қамтамасыз етілуін арттыруға
үлесімді қосамын.
#BizBirgemiz
Құрметпен, Бақытжан Өмірәлінов