ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысы Көксу ауданы Мұқаншы ауылдық округі əкімінің сайлауына үміткер Шаяхметов Махсат Берликашевичтың 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 15.07.2021
Оқылды: 919 Печать страницы
Алматы облысы Көксу ауданы Мұқаншы ауылдық округі əкімінің сайлауына үміткер Шаяхметов Махсат Берликашевичтың 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Шаяхметов Махсат Берликашевич 1964 жылы 12 тамызда Нәдірізбек ауылында дүниеге келдім, 1984-1989 жылдары Алматы қаласы Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтында  оқыдым.
2002 жылдвн бері «Сымбат» шаруа қожалығының басшысымын 
Қазіргі таңда  2014 жылдың қыркүйек айынан бері Көксу политехникалық колледжінің арнайы пәндерінің мастері болып жұмыс атқарудамын. 

Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, әкім  деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, Мұқаншы ауылдық округінің мынадай өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға жұмыстанатын боламын:

 Жергілікті жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамту;
 Денсаулық сақтау мен білім берудің үздік әлемдік стандарттарына қол жеткізу;
Жастар бастамаларын барынша қолдай отырып, олардың тегін оқып, мамандық алуына жағдай жасау. 
Қай салада да жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру.
Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлікте қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға атсалысу;

Қымбатты жерлестер!
Сіздер өз таңдауыңызды дұрыс жасайды деп үміттенемін!

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.