ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысы Көксу ауданы Мұқаншы ауылдық округі əкімінің сайлауына үміткер Мортыкова Жанар Куановна 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 15.07.2021
Оқылды: 958 Печать страницы
Алматы облысы Көксу ауданы Мұқаншы ауылдық округі əкімінің сайлауына үміткер Мортыкова Жанар Куановна 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен, Мортыкова Жанар Куановна  1981 жылы 13 желтоқсанда Алматы облысы, Көксу ауданы, Злиха Тамшыбай ауылында (бұрынғы Амангелді ауылы) дүниеге келдім.
Еңбек жолымды 2002 жылы Кеңарал ауылындағы С. Қырықбаева атындағы орта мектепте ағылшын тілі пәнінің оқытушысы ретінде бастадым. 
2005-2006 жылдары Алакөл ауданы Бескөл бекетіндегі №14 орта мектепте ағылшын тілі пәнінің оқытушысы; 
2008-2009 жылдары Текелі қаласындағы № 17 лицейінде директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
2009 жылдың қыркүйек айынан Көксу политехникалық колледжінде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болып қабылданып, 2010 жылдың қаңтар айынан директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарып келемін.
Отбасылық жағдайым: тұрмыс құрғанмын. Екі ұл, бір қызым бар. 
Қымбатты жерлестер!
Сіздер өз таңдауыңызды дұрыс жасайды деп үміттенемін!
Туған жеріміздің болашағын бірге қалайық!

 

Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, әкім  деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, Мұқаншы ауылдық округінің мынадай өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға жұмыстанатын боламын:

  Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында
жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстаймын.
Аз қамтылған, көп балалы отбасыларды,
мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық жасаймын.
Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасаймын.
 Болашақ жас  жастарының спортпен  
шұғылданып, түрлі жарыстарға қатысуларына жағдай жасаймын. Жастардың ауылда тұрақтауына жағдай жасай отырып, округ халқының санын арттыруға күш саламын.
Округтегі кәсіпкерлер, шаруа
қожалықтарымен тығыз байланыста болып, ауылдың мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.