ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысы, Көксу ауданы Жарлыөзек ауылдық округі əкімінің сайлауына үміткер ТАНТИБАЕВ ҚОЙШЫҒҰЛ ЖОЛАМАНҰЛЫ 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 15.07.2021
Оқылды: 1087 Печать страницы
 Алматы облысы, Көксу ауданы Жарлыөзек ауылдық округі əкімінің сайлауына үміткер ТАНТИБАЕВ ҚОЙШЫҒҰЛ ЖОЛАМАНҰЛЫ 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

     Құрметті Жарлыөзек округінің сайлаушылары!

Мен,Тантибаев Қойшығұл Жоламанұлы,Талдықорған облысы Киров ауданыМұсабекауылында дүниеге келдім. Балакезденқазақи ортада өсіп, салт-дәстүрді ұстана келем. 1994 жылы шаңырақ көтеріп, 3 қыз баланың әкесімін. Өз қыздарымның бойларына инабаттылықты, үлкенді құрметтеуді, кішіпейілділікті сіңіріп келемін.
Еңбек жолын осы Бозтоған ауылында орналасқан Мұсабек атындағы орта мектептен бастадым. Бастапқыда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып, кейіннен математика пәнінің мүғалімі болдым. 32 жылдық білім саласындағы еңбек жолым осы Мұсабек орта мектебінің қабырғасында,бүгінгі күні атқаратын лауазымым мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Сондықтан, «Дұрыс қанаттанған, түзу ұшар» дегендей, өскелең ұрпаққа ерінбей тәрбие беру жолында мақсатым айқын.
Осы ауылдың суын ішіп, отбасылармен етене араласып жүргендіктен, тұрмыс-тіршілігін де көріп, ауылдың жағдайын жақсы білемін дептуындап тұрған мәселелердің болдырмауына атсалысқым келеді.
Мен осы мəселелерді шешу үшін өз-өзімді ұсыну арқылы ауылымның көркейуіне үлесімді қосқым келді.
Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет!

Мен əрқашан байланыстамын!
Тел / WhatsApp: + 7 747 952 04 45
Email: musabek1@mail.ru

Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда осы мәселелерді орындауға уәде беремін
 
2021 жылы Бозтоған ауылының көшелерінет жөндеу жұмыстарын жүргізу.
2022 жылы Мұқаншы ауылының көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу.
2023 жылы дейін мәдениет үйін салуға бар күш-жігерімді жұмсаймын
2023 жылы округке газдандыру мәселесінің орындалуына ықпал етемін. 
 
       Жас ұрпақтыңсауаттылығын,білімдері мен      біліктіліктерін арттыруға күш-жігерімді жұмсаймын;
Өзім еңбек  етіп жүрген ордамды аббаттандыруға үлесімді қосамын;
 
           Ауылшаруашылық саласында жағдай  алатын мәселелерді шешуге ықпал етемін
 
ЖЕР АБАТТАНСА – 
ЕЛ АБАТТАНАДЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметпен, Қойшығұл Тантибаев

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.