ӘЛЕУМЕТ

Құрметті Жарлыөзек ауылдық округінің сайлаушылары!

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 15.07.2021
Оқылды: 1072 Печать страницы
Құрметті Жарлыөзек ауылдық округінің сайлаушылары!

«Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады»
Н.Ə.Назарбаев

Мен, Оразбаев Қанат Саматұлы, Талдықорған облысы Киров ауданы Бозтоған ауылында 1991 жылдың 23 наурызында дүниеге келдім. 
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы демекші ата-анам адалдыққа, мейірімділікке,әрдайым шыншыл болуды түсіндіріп, тәлім тәрбие берді. 2012 жылы отбасы құрып, бүгінде 1 ұл және 1 қыз тәрбиелеп отырмын. 
Еңбек жолымды 2016 жылы Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратында маман болып бастадым. Сол жылы Балпық ауылдық округінің әкімі аппаратына ауысып 2 жыл қызмет атқардым. 2018 жылы аудан әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы қызметіне тағайындалып бүгінгі күнге дейін қызмет атқарудамын. 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауларында ел болашағы жастардың қолында екенін айта келе өзімді жас кандидат ретінде, округтің экономикалық-саяси дамуына сонымен қатар ауылдың тұрмыс тіршілігін жақсарту мақсатында үлкен үлесімді қосуға қызмет атқаруға дайынмын.
Осымəселелерді, ауыл аймақтың көркеюіне және тағы да шешілмей жатқан көптеген мәселелерді шешу үшін ел болып жұмылып күш салу қажет.
Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет!

Мен əрқашан байланыстамын!
Тел / WhatsApp: + 7 702 9233717
Email: koksuchs@mail.ru

 

Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы4 жылда осы мәселелерді орындауға уәде беремін
 
  2021-2023 жылдары Жарлыөзек ауылдық округіне қарасты елді  мекендерде абаттандыру жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.
 
2022-2023 жылдары округке қарасты жолдардың жөнделуіне және жарық шамдарын орнатуға үлесімді қосамын.
 
Елді мекендерде экономикалық дамытуды жақсарту мақсатындаинвестиция тарту арқылы шағын бизнесті орындарын ашуға.
 
Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жайылымды жерлерді көбейтуге және инвестиция тарту арқылы мал шаруашылығын дамытуға ықпал етемін.
 
Күнделікті туындап жатқан мәселелерді шұғыл шешу үшін қызмет атқаруға;
 
Елді мекендердегі тұрмыс-тіршіліктің жақсартуға;
 
Жастардың уақытты тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын жақсарту мақсатында үлесімді қосамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметпен, Қанат Оразбаев

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.