ӘЛЕУМЕТ

Балаларға да паспорт қажет

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 05.08.2021
Оқылды: 1284 Печать страницы
Балаларға да паспорт қажет Емізіктер, памперстер, сылдырмақтар – бұның барлығы жас ата-анаға кішкентай баласымен саяхаттау үшін толық қажетті тізім емес. Ең маңыздысы, саяхатты алдын-ала жоспарлау. Әлбетте, балаларға да паспорт қажет, ал оны алу оңай. Сәбиіңізбен бірге ХҚО-ға бірінші рет барғанда төмендегі құжаттар болуы қажет: - туу туралы куәлік - ата-анасының біреуінің жеке куәлігі - 8 АЕК көлемінде паспорт үшін мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек Ата-аналардың бірінің болуы міндетті. Ал егер олардың біреуінің басқа азаматтығы болса, баланың ҚР азаматының паспортын алуға нотариалды куәландырылған өтініш-келісімі қажет. Сондай-ақ, еліміздің ХҚО-лары азаматтарды алдын ала брондау бойынша қабылдайды, сондықтан істерді алдын ала жоспарлаңыз. Жақындарыңыз бен өзіңізге сақ болыңыз!
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.