
«ХХІ» ғасыр білім мен ғылымның ғасыры.
Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана»
Н.Назарбаев
Қазіргі кезеңде мәдениет саласы адамдардың өскелең талабын қанағаттандыруға, рухани байлығын, жалпы қабілетін дамытуға, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруға тиісті болса, бұл міндеттерді іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше.
Қазақстанда кітапхана ісінің дамуы еліміздегі мәдени құрылыстың жарқын беттері болып табылады.
Көксу ауданы әкімінің аудандық кітапханасы аудандық мәдениет үйінде орналасқан. Орталық кітапхана 1944 жылдан бері жұмыс жасайды. 1998 жылға дейін орталықтанған кітапхана жүйесінің басқарушы орталығы болып келді. Ол кезде ауданымызда 41 кітапхана болды. 1998 жылы ауылдық кітапханалар мен мен орталық кітапханалар бөлімдері қысқарды. Әр жылдары ауданымыздың кітапхана саласында В.Савченко, Ғ.Серкенова, М.Абдухаирова, Қ.Жақсылықова, Е.Сташкова, Е.Журавлева, С. Белашова, А.Бөлегенова, К.Күнчаева, К.Еселбаева, Қ.Жақсыбаева,А.Баймұратова тағы басқалар жемісті еңбек етті. Қазіргі кезде ауданымызда 1 аудандық 8 ауылдық кітапхана жұмыс жасайды.
Қазіргі таңда кітапханамызда Малдыбаева Гүлнар Жебегенқызы басшылық етеді. Жалпы кітап қоры 137925 дана. Кітапхананың балаларға қызмет көрсететін бөлімі бар, оның кітап қоры 8015 дана. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінде 4 адам жұмыс жасайды. Олар жоғары білімді мамандар Нұрғалиева Шара Абдынұрқызы, Молдабаева Ләззат Қанатқызы,, Сатыбалдиева Толкын Қалибекқызы, Қосымқұлова Гаухар Ертанқызы. Ауылдық кітапханаларда да кітапхана саласында көп жылдар бойы жұмыс істеген мамандар еңбек етуде. Атап айтсақ: Бурлибаева Гульсара Кабыкеевна., Нусипова Бибигуль Мухаметкалиевна, Тулебаева Зауре Кадырбековна., Турысбекова Акбопе Канапияновна. Кейінгі жас буын кітапханашылар Ахметова Марал Төлегенқызы, Байқұлова Мөлдір Қанағатқызы, Кунусбаева Венера Нисамбайқызы, Сапакова Нургуль Жұмаханқызы, Самажанова Жадыра Мұхтариянқызы, Кабиланова Клара Тогайқызы кітапхана саласына жаңашыл көзқарастарын қосуда. Жыл сайын атаулы күндерге, мемлекеттік мерекелерге ,елімізге танымал болған қаламгерлерге саяси қайраткерлер өміріне арналып аудан кітапханаларының бәрінде көпшілік шаралар өткізіліп тұрады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Кітап – ең сабырлы ұстаз»- деген.
Кітапхана- адамдардың басын қосатын білім беру мүмкіндігі бар бірден-бір парасатты орталық. Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған. Осы қазынаға оң көзімен қарап, том-томымен шығатын ғылымның әр саласындағы еңбектерді сақтап, оқырмандарына ұсынып, насихаттап отырған кітапханашының орны жоғары.
Толқын Сатыбалдиева,
аудандық кітапхана кітапханашысы.