ӘЛЕУМЕТ

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 14.08.2021
Оқылды: 897 Печать страницы
Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл!
Халқымыз сан ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен ел болдық!
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Тәуелсіздік бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең.Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Қазақстан Тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара, дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.
1991 жылы 16 желтоқсанда әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Қазіргі таңда өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді елміз!
Ең алғаш тәуелсіздікті мойындаған түбі бір Түркия елі.Тек бір ғана емес, барша әлем елдері мойындап, қолдау көрсетті. Тәуелсіз елдің алғашқы Президенті- Н.Ә.Назарбаев. Еліміздің көркейіп, өркендеуіне ол кісінің қосқан үлесі орасан зор. Жазық далаға ел жүрегі- Нұр-Сұлтан қаласын салып, оны әлем жұртына таныта білді. Қазақстанның әсем мекендері, сұлу табиғаты, жұпар ауасы, тарихқа толы қалалары бәрі еліміздің баға жетпес байлығы, әрі әлем жұртының саяхаттап келетін туристік мекеніне айналды. Ата-бабалардың аңсаған арманы-тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан ,біздер, шынайы бақытты жандармыз! Ендігі мақсат,осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз.
Біз де яғни, кітапханашылар, Тәуелсіз еліміздің дамуына өз үлесімізді қосудамыз! Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады. Халық әдебиетін кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында биылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітап» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді. Ел болып оқитын бұл кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата-дәстүрді құрметтеу мен дәстүрге мән беру, рух, жан тазалығын сүюге шақырады. Келіңіздер, бірге оқиық!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, ағайын!

Ақбөпе Тұрысбекова, 
Мұқыры ауылдық
кітапханасының кітапханашысы.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.