ӘЛЕУМЕТ

Талап бұзғандар бар ма?

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 14.08.2021
Оқылды: 896 Печать страницы
Талап бұзғандар бар ма?

Көксуда «күнде жиын, күнде рейд». Иә, мобильді топ санитарлық талаптардың қадағалануын әлі де бақылап жүр. Қуанарлығы, ереже бұзушылар күн санап азайып келеді. Тұрғындар айыппұл төлеп шаршады ма әлде расымен індеттің жүріп жатқанына көз жеткізді ме, ол жағы беймәлім. Әйтеуір айыппұл мөлшері азайып келеді.

 

Осыған дейін санитарлық талап сақтауда салғырттықтарымен өңірге танылған «Самал» дүкені жұртты бұл жолы таңғалдырды. Барлық талаптар сақталған. 7 шілде күні мониторингтік топ 270 нысанды аралап, тексеріп қайтты. Бірақ талап бұзған тұрғындарды ұстай алмады. Себебі бәрі бетперделерін тағып, арақашықтықты сақтап жүрген көрінеді.
Балпық би ауылының төменгі бөлігінде де сол жағдай. Ал Айнабұлақ, Алғабас, Қабылиса ауылдары жайлы жақ ашпасақ та болады. Себебі аты аталған ауылдарда осыған дейін де талап бұзушылар жоқ болған. Рейд қорытындысын көріп, бір қуанып қалыңыздар. Егер дәл осылай қайталана берсе, індеттің де беті қайтары анық.

                                          Айгүл Айманбекова,
 аудан әкімінің баспасөз-хатшысы.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.