
Бүгінгі таңда жаңаша ойлай алатын ұстаз үшін ең басты мәселе –
оқыту әдісін жаңаша түрлендіру. Жаңа
педагогикалық технологияларды
меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және
басқа да көптеген адами келбетінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзінөзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруына көмектеседі. Олай
болса жаңаша ойлай алатын мұғалімнің
де мәртебесі жоғары болмақ, оқушылар
мен олардың ата-аналарының
сұраныстарын қанағаттандыра алатын
жаңа формациялы мұғалім. Сол себепті
білім кеңістігінде «Жаңаша мұғалім
қандай болу керек? Өскелең ұрпақты
қалай және неге үйрету керекпіз?» деген
сұрақтың өзектілігі арта түспек.
Сондықтан бүгінгі оқушының
функцоналдық сауаттылығын арттыру мақсатында Зылиха Тамшыбай
атындағы орта мектеп ұстаздары
оқушылардың функцоналдық
сауаттылығын арттыру жолында
ұстаздар арасында мектепішілік вебинарлар өткізу мен қатар тәжірибе алмасу барысында бір талай нәтижеге қол
жетізді десе де болады .
Мұндағы басшылыққа алатын сапалар:
-белсенділік;
-шығармашылық тұрғыдан ойлану ;
-шешім қабылдай алу ;
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу ;
Оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамытуда қазақ тілінің
функционалдық-к омм уник ативтік
тұрғыдан меңгертілуі басты орында
болуы керек. Біздің өзекті мәселеміз:
жаңа оқыту әдіс-тәсілдері арқылы қазақ
тілін меңгерту. Осы ретте, қазақ тілі мен
әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің
маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни
шығармашылық пен жауапкершілікті
ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары
деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынында
өз жолын адаспай табады, азамат болып
қалыптасады.
Қандай ұстаз болмасын өзінің таңдап
алған мамандығының қас шебері болуы
үшін күделікті іденіс үстінде болуы шарт
деп білемін :
– оқушыларға қамқорлық көрсете
білетін, оған ықпал жасай алатын және
өз бетінше шешім қабылдауда бағытбағдар беретін;
– әрбір оқушының пәнді түсінуді
қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін сезінетін, осы көзқарастар
тұрғысынан білімі мен тәжірибесін
қалыптастыратын;
– оқушының білім беру бағдарламасы
деңгейлері бойынша ілгері жылжуын
өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес
кері байланыс орната алатын кәсіби
білімі мен түсінігі бар;
- оқытудың мақсаты мен сабақтың
нәтижелі де табысты өту өлшемдерін,
өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге
қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін
білетін;
– оқушылардың игерген білімі мен
оқушылар мойындаған «Біз қайда бара
жатырмыз?», «Қандай іс-әрекет жасау
керек?», «Одан әрі не істеу керек?»
деген сияқты табыстылық өлшемдері
арасындағы алшақтықты жою үшін не
істеу керек екенін білетін;
– бастапқы идеядан өзге идеяларды өрістете байланыстыратын және
сол идеяларды оқушылардың өздері
құрастырып, жандандыра алатындай етіп
жинақтап, толықтырып, тереңдетіп бере
алатын мұғалімдер. Бұл құзыреттіліктер
деңгейлік бағдарламада көрсетілген.
Белгілі педагог К.Ушинскийдің
«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп
отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді
тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» – деген пікірін негізге ала отыра
мұғалім әрдайым кәсіби дамуына назар аудару қажет.деп білемін .Биылғы
оқу жылында ұстаздарымызға жемісті
еңбектің жетістіктері көп болса екен деп
тілеймін.
Мөлдір Дулатбаева,
Зылиха Тамшыбай атындағы орта
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі