ӘЛЕУМЕТ

Заманауи сабақ: оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлері

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 16.08.2021
Оқылды: 941 Печать страницы
Қазір білім берудің ең басты мақсаттарының бірі – оқушыларды өмірге бейімдеу, өз бетімен білім алуға дағдыландыру, алған білімін жасам￾пазды қолдануға икемдеу екені белгілі. Педагогикада, дәстүрлі педагогикалық, әдістемелік және дидактикалық жүйелерге қарағанда, педагогикалық технологиялар немесе оқыту технологиялары зор маңызға ие болып озық дамуда. Қазіргі заманның педагогикалық теориясында жаңа оқыту технологи￾ясын мектепке енгізуде бірінші зерт￾теу жүргізген академик В.Беспалько болатын. Оның айтуы бойынша – «Педагогикалық технология – бұл оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасы». Бүгінгі таңдағы әлем бойын￾ша жайлап жатқан індет денсаулық саласымен қатар, білім сала￾сына да біршама өзгерістер әкелгені баршамызға аян. Мен өз тәжірибемде информатика пәнін оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдалануға тырысамын. Информатиканы оқыту тео￾риясы мен әдістемесі – кез – кел￾ген жас шамасында және кез – келген ұйымдастырушылық – әдістемелік оқыту түрінде инфор￾матиканы үйрету объектісі болып табылатын педагогикалық ғылым. Информатиканы оқытуда, за￾манауи сабақты ұйымдастыруда жаңартылған технологиялар мен түрлі әдіс – тәсілдердің көмегі зор. Оқытуды ұйымдастыру формасы – бұл тарихи қалыптасқан, өзіне тән жүйелілік пен тұтастық, өздігінен даму, жеке тұлғалық пен әрекеттілік сипаты бар, қатысушылардың құрамы тұрақты, сабақты өткізудің белгілі бір тәртібі бар, орнықты және логикалы аяқтаған педагогикалық үрдістің ұйымдастырылуы. Информатиканы жекелеп оқыту формасын қайтадан жаңғыртты. Педагогикалық бағдарламаларды және мультимедиа курстарының та￾ралымын көбейту мен интернет ре￾сурсын пайдалану арқылы оқытудың жаппай формаларының мына түрлері: ең үздік мұғалімдерден сабақ алу, ақпараттың әртүрлі көздерін пай￾далану артықшылықтары сақталады. Компьютер жаппай және жеке оқыту арасындағы қайшылықты жояды. Мұғалімнің ең маңызды міндеті – оқушылардың өзіндік танымдық дағдыларын қалыптастыру. Оқытудың сыртқы формалары – сабақтың белгілі бір түрін – сабақ, дәріс, семинар, саяхат, практикум, факультативтік сабақ, емтихан, пәндік және техникалық шығармашылық үйірмелер, оқушылардың ғылыми қауымдастықтары және тағы да басқаларын білдіреді. Олар мақсаттан, мазмұннанғ әдістерден, оқыту құралдарынан, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынастардан тұратындықтан, өзара біріктіруші рөлін атқарады. Оқытудың қосымша ұйымдастыру формалары, білімдегі, кемшіліктердің орнын толтыру, біліктілікті және дағдыларды қалыптастыру, оқу пәніне жоғары ынтаны қанағаттандыру мақсатына арналады. Қосымша сабақтарда әртүрлі көмектесу фор￾малары ұйымдастырылуы мүмкін: жеке сұрақтарды түсіндіру, нашар оқушыларды жақсы оқушыларға бекіту, тақырыпты қайта түсіндіру. Пәнді тереңдетіп оқу және танымдық қызығушылығын артты￾ру үшін, жеке оқушылармен жоғары қиындықты есептер шығарылады, бағдарламадан тыс ғылыми пробле￾малар талданады, қызығушылықты тудырған проблема бойынша өз бетімен игеруге бағытталғанм нұсқаулар беріледі. Қосымша сабақтармен кеңес беру тығыз байланысты. Олар ағымды, тақырыптық және жалпы￾лама (мысалы, емтиханға немесе сынаққа дайындалғанда) болып бөлінеді. Сабақта компьютерді пайдаланудың ұйымдастыру форма￾лары – көрсету (демонстрациялау), жаппай зертханалық жұмыс және жаттықтыру (практикум) сабақтары болады. Көрсету (демонстрациялау). Көрсету экранды пайдалана отырып, мұғалім оқушыларға курстың алу￾ан түрлі оқу элементтерін (интер￾фейс элементін, бағдарламалардың үзінділерін, сызбаларды, мәтіндерді және тағы да басқасы) көрсетеді. Оқыту барысында мұғалім ақпараттық құралдармен жұмыс істесе, оқушылар оның әрекеттерін бақылап отырады немесе өз компьютерінде мұғалімнің соңынан қайталап отырады. Көрсетудің негізгі дидактикалық қызметі – оқушыларға жаңа мәліметті жеткізу. Зертханалық жұмыс (жап￾пай) информатика кабинетіндегі негізгі жұмыс түрі болып табылады. Оқушылар бір мезгілде өз жұмыс орындарында тиісті бағдарламалық құралдармен жұмыс істейді. Жаппай зертханалық жұмыс кезіндегі мұғалімнің басты рөлі – оқушылардың жұмысын бақылау (оның ішінде жергілікті желі арқылы), оларға шұғыл көмек көрсетіп отыру. Пайдаланылатын бағдарламалық құралдардың әртүрлі дидактикалық мақсаты болуы мүмкін: жаңа тақырыпты меңгерту (мыса￾лы, оқытушы бағдарламалардың көмегімен), жаңа тақырыпты бекіту (мысалы, жаттықтырушы бағдарлама арқылы), алған білімдерін немесе операциялық дағдыларын тексеру (бақылаушы бағдарламалардың неме￾се компьютерлік тестілердің көмегімен). Жеке жаттықтыру (практикум) сабағы – күрделілік деңгейі жағынан, өзіндік деңгейі жағынан әртүрлі тап￾сырмалармен сипатталатын, жап￾пай зертханалық жұмыстармен салыстырғанда анағұрлым қарқынды жұмыс түрі; оқулықтарға; анықтамалық құралдарға. Интернет ресурстарына сүйену арқылы, мұғалімге неғұрлым күрделі сұрақтар қою арқылы іске аса￾ды. Сондай – ақ оқушылардың алған білімдерін пысықтау мақсатында қолданылатын ол әрине – үй тапсыр￾малары. Оқушылардың үй жұмысы деп – құрылған сабақтар кестесінен тыс оқу тапсырмаларын өздігінен орындауды айтады. Үй жұмысының сыныптағы жұмыстан принциптік айырмашылығы, мұғалімнің берген нұсқаулары бойын￾ша, оның тікелей басқаруынсыз орын￾далады. Оқушы үй жұмысын орындау уақытын, ырғағын және қарқынын өзі таңдайды. Информатика пәнін оқытуда кез – келген сабақ – ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін прак￾тикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс. Компьютерлік желілер технологиясын қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа же￾телеуге болады. Нәтижесінде оқушы: -Компьютерде еркін жұмыс жасай￾ды; -Компьютерлік желілермен байла￾ныс жасайды; -Ақпараттарды ала алады,өңдейді,сақтайды; -Интернет желісімен тұрақты бай￾ланыс туғыза алады; -Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттармен алмаса алады; -Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады; -Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады. Ойымды қорытындылай келе, қазіргі ақпараттық технологияның қарыштап дамыған шағында өскелең ұрпаққа өз пәнім арқылы ақпараттық сауаттылықты үйретіп, заманауи өмірге бейімдеп жатқаныма өте қуаныштымын дегім келеді. Және де жас ұрпаққа білім беруде жаңа технология мен әдіс – тәсілдерді пайдалану әр мұғалімге тек жетістік әкелетініне сенімдімін. Эльмира ТУКТИБАЕВА, Мұсабек атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы бар орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі.
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.