ӘЛЕУМЕТ

Орыс тілін ойын арқылы үйрету

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 16.08.2021
Оқылды: 972 Печать страницы
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады. Онсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес» В.А. Сухамлинский Орыс тілін үйрету оқу қызметтерінде ойын технология￾сын қолдану әдістері мен тәсілдері ойынның түрлері (дайындық ойын￾дары, шығармашылық ойындары, іскерлік ойындар) қарастырылады «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе сияқты, сол арқылы баланың рухани байлығымен жасам￾паз өмірімен ұштасып айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген атақты педагог В.А.Сухамлинский. Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да педагогтардың негізгі мақсаты-ойын процесінде баланың жан-жақты дамуы, танымдық қызығушылығын арттыру, тілін да￾мыту. Ойын әрдайым оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнына сәйкес таңдалады. Әр түрлі топтарда орыс тілі оқу қызметін қызықты өткізу үшін мынандай ойындар қолданады: 1) Сенсорлық тәрбиелік ойындар. 2) Сөздік ойындар. 3) Табиғатпен таныстыру ойындары. 4) Сюжетті -рөлді ойындар. 5) Ойын-тапсырмалар. 6) Ойын сойлемдер. 7) Жұмбақ ойындар. 8) Диалог ойындар. 9) Қимылды ойындар т.б. Қазақ топтарының балалары орыс тілі пәнін ойын ретінде тез қабылдайды. Қазақ тілінде оқытылатын балабақшада орыс тілін оқытудың негізгі мақсаты-тәрбиеленушілерді орыс тілінде сөйлеуге үйрету. Орыс тілін үйретудің бастапқы кезеңінде әр оқу қызметін өз мәнінде көрнекі құрал қолдану арқылы тартымды өткізілсе, білім мазмұнының сапасы да артпақ. Сондықтан оқу қызметінің арасында ойын элеметтерін қолдану пәнге қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамытуға, оқу қызметін пысықтау кезеңін сапалы өткізуге мате￾риалды толық меңгеруге көмектеседі. Қашықтықтан оқыту кезінде, осы ойын элементтерін балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу қызметтерінде қолданып отыр￾дым. Орыс тілі оқу қызметінде дұрыс ұйымдастырылып, пайдаланылған ойындар балалардың таным-түйсігіне жағымды әсер етіп, алған білімдерін жаңа жағдайларда шығармашылықпен қолдана алуына ықпал етеді. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдін өздігіндей қуаныш, реніш сезімге бөленеді. Ойын арқылы балалардың сойлемдерді айту, сөйлем құрай білу, сурет бойынша әңгіме құрап айта білу,сондай-ақ әр баланы сөйлете отырып өз ортамен қарым-қатынасқа түсіп ашылуына себеп болады. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып бір-бірімен жақсы қатынаста болады. Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс- әрекеті. Бір сөзбен айтқанда ойын балаланың жан-жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдар мен қарым-қатынасын рет￾теп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Ойын бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойнай отырып ойлай білсін. Сауле Кусаинова, «Қызғалдақ» бөбек- жай балабақшасының орыс тілі мұғалімі.
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.