
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрып отыр.
Еліміздің әлемдік үдерістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейіне өту қажеттілігінен екені сөзсіз. Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек.
«Қуаныш» бөбек жай-балабақшасында жаңа инновациялық технологияларды, жаңа тың әдіс–тәсілдерді қазіргі заман талаптарына сай ұйымдастырып, оқу қызметтеріне жүйелі түрде енгізуде. Ондағы басты мақсат: баланың жас ерекшелігіне сай әлеуметті мүкіндіктерін барынша дамытуға, функционалдық тұрғыдан сауатты,кез келген өмірлік жағдайларда меңгерген білім, білік, дағдыларын тиімді қолдануға қабілетті бірегей тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бүгінгі заман талабына сай педагогика саласындағы жаңалықтармен үзбей танысып, мектепке дейінгі білім саласындағы ең озық тәжірбиелерді таңдап, тиімділігіне көз жеткізіп, сұрыптап, ең жақсы әдістерді өз тәжірбиемізде пайдаланудамыз. Балабақшамыз ақпараттық құралдармен (3Д форматындағы дамытушы құралдар, электронды сиқырлы қалам, мультимидиялық оқулықтар,интербелсенді тақта,дамыту орталығы) жабдықталған.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиешілердің ұстанымы ауысқан: ол балаларға басшы емес, білім беру қызметінің қатысушысы. Мұндай оқыту баланың инттелектуалды қабілеттілігін айтарлықтай шамада анықтайды, балаларға мінезін қалыптастыруға және мүмкіндіктерді беретін дамытушы орта құруға мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып келеді.Сондықтанда осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйесі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады.
Жазушы Асқар Сүлейменов «Адамның рухани ізденіс-сілкіністері үш-ақ сауалдың аясына сияды: А) не біле аламын? Б) не істеуім керек? В) үміт артарым не?» деп айтқан екен. Біз әлі де ізденіс үстіндеміз. Алдағы бағытымыз - әр ата-ананың көз қарашығы – балаларын жан-жақты дамыту, болашаққа жетелеу, өміріне жол салу.
«Қуаныш» бөбек жай-балабақшасының
меңгерушісі Базилова Шара Сайлаубайқызы