ӘЛЕУМЕТ

Жылыту маусымына дайындық басталды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 19.08.2021
Оқылды: 1404 Печать страницы
Жылыту маусымына дайындық басталды
Төтенше жағдайлар департаментің қызметкерлері адам өмірі мен денсаулығын, меншікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау бағытында өрт қауіпсіздік шараларын ұдайы өткізіп келеді. Оның ішінде тұрғын үйлердегі тұрмыстық жағдайдағы от жағу пешінің қауіпсіздігі және көмірқышқыл газына уланудың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Осы орайда, 17-і тамыз күні аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен  аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында аудандық әкімдік және «Нұрлы Көксу» газетінің тілшісінің қатысуымен «Жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу» тақырыбында брифинг өтті. Жиында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Елжас Қуанышұлы сөз алып, аудан аумағында өрттердің жағдайы туралы және жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу бойынша ағымдағы жылдың 15 тамызынан 15 қыркүйек аралығында жылыту маусымының айлығы өткізіліп жатқанын, үгіт-насихат жұмыстарын ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. 
Брифингте апаттың көпшілігі тұрғындардың қауіпсіздік шараларын дұрыс сақтамауынан, оған немқұрайлы қарауынан орын алып жататындығы туралы айтылып, жылыту маусымы кезеңінде көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу, сұйық және қатты отынмен жанатын пештерді қолдану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын тұрғындарға жеткізу жұмыстары пысықталды. 
Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен аудан аумағында болып жатқан өрттермен байланысты жағдай жете талданады. Бөлім қызметкерлерімен өрттің алдын алу шараларын жүргізу үшін «Өрт қауіпсіздік ережелері» туралы нұсқаулықтар, жадынамалар, буклеттер мен ақпараттық парақтар әзірленіп, адамдар жаппай жиналатын орындарда, мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлерде тарату ұйымдастырылған. Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін күшейту, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын белсендіру мақсатында жыл сайын ауданның «Тұрғын-үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізіледі. 
Аудан аумағында 10 ауылдық округ (29 елді-мекен, ПЧ-45, Быжы, Бақша, Мойынқұм бекеттері, разезьд  Көпір, Тауарасы), барлығы 9590 тұрғын үйлер, соның ішінде 64 көп пәтерлі тұрғын үйлер, 996 пәтер орналасқан.  2021 жылдың аудан аумағында 8785 тұрғын үйлер орналасқан.
Жылу беру маусымының 2021-2022 жж. іс-шара жоспарына сәйкес, 15 тамызынан 15 қыркүйек аралығында жылыту маусымы кезінде тамыз айында аудан аумағында орналасқан тұрғын үй секторында акциясылар өткізілмек.
Айлықты өткізу кезінде Балпық би ауылының №8 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп аудан аумағында орналасқан тұрғын үйлер араланып, оның ішінде «көп балалы, аз қамтамасыз етілген және тұрмысы төмен отбасылардың, қарттар, зейнеткерлер, халықтың аз мүмкіндігі шектеулі топтарының және қауіп-қатер тобына жататын тұлғалар» тізім бойынша араланатын болады.
           Көксу ауданының тұрғындарына тұрғын үйлерде пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын орындауын сұраймыз. Жылу беру маусымы басталар алдында пештер тексеріліп, түтіндіктері тазаланып, сылануы керек. От жағу маусымы ең қауіпті кезең, себебі пешті жағып, электржылытқыштарын қосып, жеке үйлердің тұрғындары түтіндіктің ақаулығынан және т.б. себептерден болатын өрттердің салдары туралы еш ойланбайды. От бұл игілік те, апат та екенін естен шығармаған жөн. 
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.