ӘЛЕУМЕТ

БАЛАЛАРҒА ӘЛІППЕ ТАБЫСТАЛДЫ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 03.09.2021
Оқылды: 1094 Печать страницы
БАЛАЛАРҒА ӘЛІППЕ ТАБЫСТАЛДЫ

Аудандағы білім ұяларында 1 қыркүйек алғашқы қоңырау соғылды. 1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерге әліппе табысталды. Сақтық шараларына сәйкес, мектептерде өткен арнайы жиынға 1-сынып оқушылары мен ата-аналар ғана қатысты. Олардан  өзге сыныптар кабинеттерде тәрбие сағатын өткізді.
Жетіжал орта мектебінде биылғы оқу жылында 185 оқушы білім алады. Оның 15-і 1-сыныптың балалары. Әліппе оқулығын мектеп директоры Әділет Нұрғалиев санитарлық талаптарды сақтай отырып арнайы табыстады.
Зере Нұртаза, Жетіжал орта мектебінің 1-сынып оқушысы:
-Мен мектепке келгеніме өте қуаныштымын. Әліппені берген кезде өте қатты қуандым. Енді сабақты жақсы оқимын.
Дария Абек, ата-ана:
-Бүгін қызымды бірінші сыныпқа әкеліп отырмын. Пандемия кезінде өздеріңіз білесіздер, балалар мектепті сондай сағынып қалды. Сондай қуаныштымын. Өзімнің қызыма да, басқа балаларға да тілерім аттаған қадамдары құтты болсын!
Мектепте сақтық шаралары қатаң сақталған. Күзет қызметі жаңартылып, арнайы мамандар тартылған. Ғимаратқа кіру ашық қосымшасы арқылы жүргізіледі. Балалардың денсаулық көрсеткіштері күн сайын тексеріледі.

Жұлдыз МУсабекова,
Жетіжал орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.