ӘЛЕУМЕТ

ЖАЛАҚЫ КӨБЕЙЕДІ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 03.09.2021
Оқылды: 1065 Печать страницы
ЖАЛАҚЫ КӨБЕЙЕДІ

  Көксу аудандық кітапхана қызметкерлері Мемлекет басшысы  Қ.Тоқаевтың  2021 жылы 1-ші қыркүйекте  «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын зор ілтипатпен қабылдады. Жолдауда  еліміздің алдағы уақыттағы жоспары айқындалған. 
Президент айтқан және қабылдаған шаралар шетінен жүзеге асып жатыр.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев осы Жолдауын Қазақстан тарихындағы жаңа белестерді  бағындыруға арналған құжат екенін атап айтты.  Сонымен қатар мәдениет саласына ерекше көңіл бөлінетінін де атап өтті. Мәдениет  оның ішінде  кітапхана мамандарының жалақысын 2022-2025 жылдар аралығында  әр жылы  20 пайызға  көтеру туралы нақты ұсынысы кітапханашылардың мәртебесін бір көтерді. Иә, жалақы өседі дегенді естідім. Қуантады. Әсіресе, кітапханашы, суретші секілді жұмысы аса жауапкершілікті талап ететін мамандық иелерінің еңбегі еленіп жатқаны қуантады.
Осы орайда,  Мемлекет басшысының  кітапхана ісіне қолдау көрсетуі – кітапхана жұмысы үшін жасалған жақсы көмек деп ойлаймыз.

Шара Нұрғалиева,
Көксу аудандық кітапханасының 
кітапханашысы.          

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.