ӘЛЕУМЕТ

ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 03.09.2021
Оқылды: 1038 Печать страницы
ЖАҢА СЕРПІН БЕРДІ

Еліміз Тәуелсіз ел болған отыз жылда Қазақстан халқы жыл сайын асыға күтетін, дәстүрге айналған бір жасампаз іс бар. Ол - Ел Президентінің өз отандастарына арнайтын жыл сайынғы Жолдаулары.
Әрбір Жолдаудың өз ерекшеліктері бар.
Парламент қабырғасында жарияланған биылғы Жолдау елімізді одан әрі дамытуға арналған стратегиялық құжат ретінде танылды. Себебі: Жолдауда саяси, әлеуметтік, экономикалық өсіп өркендеудің барлық жолы көрсетілген. Әсіресе ең төменгі жалақы мөлшерін 42500 теңгеден 60 мың теңгеге өсетіні, ел дамуының 2025 жылға дейін нақты бағытын айрықша атап көрсетті. Ең  бастысы жас кадрларды қолдау, оның ішінде агро кәсіпкерлерді, ІТ мамандарын ерекше атап көрсетті. Сонымен  қатар мүсіншілерге, музыканттарға, суретшілерге, барынша қолдау көрсетілуін тапсырды. 
Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі жаңа бағыт алып келетін жастар толқынын жұмысқа алуға шақырды. Бұл идея елімізде жұмыссыз жүрген білікті мамандар үшін үлкен мүмкіндік. Жолдау жайлы көп айтуға болады.
Жалпы  ой қорытып айтқанда Қазақстан халқының Ел дамуының ертеңіне деген сенімін нығайтып, үмітін үкілеген ерекше Жолдау. Бұл Жолдау Ел Президенті Тоқаев  Қасым-Жомарт Кемелұлының Халық үніне құлақ асатын мемлекет бағдарламасын орындау жолында халықпен тығыз байланыс орнатуға тың серпін берері анық.
Ендігі  кезекте  аудан халқына Жолдауды  насихаттау, іске асыру жолында  жаңаша көзқараспен тың серпінмен іске  асыру жолында  қызу  еңбектенетін  боламыз.

Азамат ҚИСМЕТОВ,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.          

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.