
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтің Қазақстан халқына 2021 жылғы Жолдауын аса құрметпен тыңдап, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алдық деп ойдамын. «Қазақтанның ең басты байлығы ол азаматтарымыз!» Осы орайда тұрғындардың денсаулығын сақтау басты назарда.
Медицина саласында жұмыс істейтін азамат ретінде жанымызға бататын мәселе ол әрине тұрғындардың арасындағы коронавируска қарсы екпеден бас тартуы. Коронавирусқа шалдыққан тұрғындардың саны төмендеген жоқ, ауруханада жатқан науқастарымыздың саны азаймады, өлім-жітім де орын алуда. Жан сақтау бөліміндегі науқастардың 100 пайызы екпе алмағандар, екпе алғандардың ауру жұқтыруы мүмкін, бірақ олар жеңіл түрде ауырып немесе симптомсыз түрінде анықталады.
Осы орайда індетті тоқтатудың ең кұрделі жолы – ол тек қана екпе. Аудандық ауруханада,ауылдық амбулаторияларда вакцина алушыларға таңдау жасауға мүмкіндік бар, 3 түрлі вакцинаның қоры жеткілікті – ол отандық «Gaz-Covid-in», қытайлық «Sinopharm» (Vero Cell), және ресейлік «Спутник V» вакциналары.
Әлемде көп елдердің вакцинаға қолдары жетпей қиыншылықта болып жатыр, ал керісінше біздің мемлекет барлық жағдай жасап, вакцинаның әр түрін сатып алып халықты қорғау мәселеріне көңіл бөлуде.
Қуантатын жақсы жаңалықтың бірі ол ең төмен жалақы көлемі 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап өсетіні, себебі медицина саласындағы ең төмен жалақы алатын кіші медицина қызметкерлері мен қосалқы қызметкерлердің жұмыстарынсыз аурухана толыққанды жұмыс атқара алмайды.
Мира Қанаева,
Көксу аудандық орталық ауруханасы,
директордың орынбасары.