ӘЛЕУМЕТ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖАҢАША КӨЗҚАРАСПЕН

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 10.09.2021
Оқылды: 1213 Печать страницы

        Жас ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу– қазіргі замандағы өзекті мәселенің бірі. Біздің болашағымыз – жас ұрпақтың, адамгершілік қасиеттермен тәрбиеленуі. 
Қазіргі таңда ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көңіл аудара отырып, сапалы білім беру талаптары қойылып отыр. Оның ішінде мектепте сапалы білім алуы мектепалды дайындығына және балабақша мен бастауыш мектептің сабақтастығымен тығыз байланысты. Білім саласындағы өзара байланыс бұрыннан да талап етілуші еді. Бірақ , ол кездегі бағдарламалар көп жыл бойы өзгермейтін, сондықтан ата-ана да, балабақша да бастауыш мектеп талабын біліп отырды. Ал, қазір бағдарламалар, технологиялар үнемі өзгеруде. Әр салада мамандар өз беттерімен жұмыстануда. Ұлы педагог А.А. Сухомлинскийдің «Баланың ақыл-ой дамуын, қызығушылығын, қабілетін, бейімін білмей оны оқытуға, тәрбиелеуге болмайды», -деген нақты тұжырымы сабақтастықтың керектігін көздейді.
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепалды даярлық сыныптарының болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.
Мектепалды даярлықта танымдық әрекет-мағлұмат алады, талдайды, ойнайды, білім алып, тәжірибе жасайды. Бастауыш сынып-оқу әрекеті-оқи алуға үйренеді, оқығысы келеді, жаңа мазмұнды меңгереді, жаңа түсініктер қалыптасады. Білім беру үрдісі мектепте бағдарлама бойынша өткізіледі. Айқын және қатаң ұйымдастыру: әрқашан, әр уақытта нақты сабақ кестесі, әр баланы оқыту міндеті, педагогтың барлық балалармен ұжымдық жұмыс жүргізуі.
Бастауыш білім сатысын тек баланы мектепке дайындау деп қана қарастырмай, әдіс-тәсілдерімен жете таныса отырып, 6-7 жас аралығындағы жас ерекшеліктерді ескеріп, мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасағаны жөн.
Бастауыш буын мен ата-ана арасындағы сабақтастық сақталғанда бала мектепке психологиялық жағынан қалыптасады.
Қорытып айтқанда ұлы педагог Макаренко: «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ- түйек деуге нәрсе жоқ. Еш нәрсені ұсақ- түйек деуге, ұмытуға хақымыз жоқ. Өз өмірімізде немесе балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған қатты зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаңыз қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ- түйектер үздіксіз, күнбе-күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі сол ұсақ-түйекпен құралады, өмірдің бұл жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің және біздің ең жауапты міндетіміз» -деген екен.


Анар Майкенова, 
Жеңіс негізгі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі. 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.