ӘЛЕУМЕТ

Некені бұзу туралы өтініш eGov порталының көмегімен

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 23.09.2021
Оқылды: 1122 Печать страницы
Некені бұзу туралы өтініш eGov порталының көмегімен

Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасуға келіссе және кәмелетке толмаған ортақ балалары, ортақ мүлкі және басқа да талаптары болмаса, олар тұрғылықты жері бойынша АХАТ арқылы ажырасуы мүмкін.
Некені бұзу туралы өтінішті не АХАТ-қа, не eGov порталының көмегімен беруге болады. Бір айдан кейін ерлі-зайыптылар ажырасу үшін АХАТ-қа баруы керек. Ажырасқаннан кейін eGov порталында ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасу туралы анықтаманы ала алады. Ортақ балалар және басқа да даулар болмаған жағдайда қызмет құны – 2 АЕК, сот шешімі негізінде – 0,5 АЕК. 
eGov порталы арқылы тек некені бұзуға өтініш беруге немесе анықтама алуға болады. Ахат өзара келісім бойынша немесе ерлі-зайыптылардың біреуі жоғалған, әрекетке қабілетсіз немесе кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған деп тану туралы сот шешімі болған кезде некені бұзады. Ал балалар мен мүлік даулары болған жағдайда, сот арқылы жасалады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.