ӘЛЕУМЕТ

Қазақ балуаны – Қажымұқан

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 01.10.2021
Оқылды: 1125 Печать страницы
Қазақ балуаны – Қажымұқан

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы - қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұлан-ғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.
Қазір Көксу ауданында күрес саласында көптеген спорт секциялары жұмыс істеуде. Айта кетер болсақ Дзюдо, Қазақша күрес, Грек күресі, Самбо және Еркін күрестен Көксу ауданының балалар және жасөспірім спорт мектебінде жаттықтырушылар дәріс беруде. Қазіргі уақытта осы күрес түрлеріне 850-ден аса жас спортшы қатсысуда. Ауданымыздың жас спортшылары Қажымұқан атамыздай әлімді бағындырады деген сеніміміз мол. Себебі Аудан көлемінде спортпен шұғылданамын деген азаматтар мен азаматшаларға үлкен мүмкіндіктер туындауда. Оған дәлел Балпық би ауылында 2021 жылы қолданысқа берілген дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешені. Оның ішіндегі арнайы жекеленіп салынған күрес залын айтсақ артық етпес. Күрес залы заманауи үлгіде салынып, балалардың күрес әдістерін еркін меңгерулеріне қолайлылық жасалған. Көксу ауданы бойынша барлығы 128 спорт  құрылымдары бар. Оның ішінде: Б.Оңғаров атындағы орталық 1 стадион, Балпық би ауылында 2021 жылы қолданысқа берілген 1 дене шынықтыру спорт кешені, Лабасы ауылдық округіндегі 1 «Жастар» спорт кешені, Қ.Жалайыри атындағы орта мектебіндегі 1 жүзу бассейні,  «Харуат» мәдени-спорт орталығы, 1 бокс залы, жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінде 3 күрес залдары, Мәмбет ауылының 1 күрес залы, 11 атыс орны, орта мектептер мен мәдениет үйлерінде орналасқан 29 спорт зал және 78  плоскастық спорт алаңдары бар. Жастар мен балаларға арналған туристік «Тритон» қоғамдық бірлестігі спорттық туризм бағытында жұмыс істеуде.
Аудан спортшылары облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда өздерінің күштерін сынап жүлделі орындар иеленуде. Оның дәлелі ауданымыздың тумасы, спортшысы Мәулен Мамыров ағамыз, Самбо күресінен әлем чемпионатының жүлдегері, Азия чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері және чемпионы Динара Жұмабаева, Дзюдо және қазақша күрестен республикалық жарыстар мен облыстық жарыстардың жүлдегері және чемпионы жас үміт күтер спортшымыз Бауыржан Даутов сияқты спортшылрымыз бар. 
Алдағы уақытта жас спортшыларға Қажымұқан Мұңайтпасұлы атамыздың кім екенін және қандай спортшы болғанын насихаттау мақсатында ауданымыздың спорт мектебінде турнир  ұйымдастыру жоспарлануда.
Айта кетер мәселе елімізде бұқаралық спортты дамыту мақсатында істелініп жатқан үлкен игі істерге Қазақстан Республикасының Президентіне және Алматы облысы мен өңір басшылығына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Тәуелсіздік алғалы елімізде мыңдаған спорт объектілері бой көтеріп, жастардың спортпен шұғылдануларына үлкен  мүмкіндіктер туындады. Демек болашақ жастардың дендерінің саулығына үлкен мән берілуде. Дені сау ұрпақ – ел болашағы. Елімізде әлем чемпиондары мен олимпиада чемпионадары көп болса екен деген ниетімді білдіргім келеді. Алға, Қазақстан!

Арын Алпысбаев,
Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.  

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.