ӘЛЕУМЕТ

Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 01.10.2021
Оқылды: 1362 Печать страницы

Дана халқымыз «Денсаулық – зор байлық» деп текке айтпаған. Дені сау адам мемлекеттің ең қымбат қазынасы екені анық. Сол үшін тазалыққа мұқият қарауды, денсаулықты сақтауды балаларға балабақша табалдырығынан бастап үйреткеніміз жөн. 
Баланың салауатты өмір салтын қалыптастырудың ең басты кезеңі шағын ғана мелмекет саналатын отбасынан бастау алады. Мысалы, әр ата-ана балаға ең бірінші «Ертесін ұйқыдан тұрған соң беті-қолыңды жу. Ойнап болған соң міндетті түрде қолыңды жу. Тісіңді тазала» дегендей қарапайым ғана сөзбен тазалыққа тәрбиелеуі керек. Ал бала балабақша табалдырығын аттаған соң оған міндетті түрде балабақша медбикесі санитарлық  ағарту жұмыстарын жүйелі түрде таныстырады. Мұның тәрбиелік мәні де аса зор. Салауатты өмір салтын қалыптастурды біз балабақша жасындағы балаларға жан-жақты, терең түсіндіруге міндеттіміз. Себебі, бүгінгі жас ертеңгі елдің болашағы. 
Балаға денсаулықтың қадірі жайлы тәрбиелік насихат айта отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үйреткеніміз жөн. Қандай да бір аурудың алдын алуға, денсаулықты сақтап, оны нығайтуға, жас ұрпақтың еңбекке қарым-қабілетінің жоғары болуына, белсенді өмір сүруіне арналған арнайы жоспар бойынша балабақшада жүйелі жұмыс атқарылып келеді.
Жалпы, санитарлық ағартудың өзіндік негізгі міндеттері бар. Атап айтар болсақ, медициналық және гигиеналық білімді тарату, денсаулықты сақтау және нығайту мақсатында санитарлық-гигиеналық дағдылардын тәрбиелеу, санитарлық-гигиеналық мәдениетті арттыру. Бұл негізгі міндеттердің барлығын балабақша жасындағы балаларға үйрету – медбикенің басты әрі негізгі міндеті. Осы міндет мінсіз атқарылуы үшін балабақшадағы әр топ балаларымен күнделікті, жүйелі жұмыс жүргізіледі. Нәтижесінде, балалар санитарлық ағарту жұмыстарының жүргізілуімен танысады. Бала айтқанды емес, көргенді бойына сіңіретіні заңдылық. Сондықтан оларға тазалықтың қаншалықты маңызды екенін көрсете, айта отырып оларды тазалықты қатаң сақтауға тәрбиелейміз. 
Ел ертеңі саналған ұрпақтың дені сау болуы отбасында ата-анаға ал балабақшада балабақша қызметкерлеріне оның ішінде балабақша медбикесіне артылған зор жауапкершілік екенін естен шығармауымыз керек. Себебі бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу арқылы жарқын болашақтың иесін тәрбиелеп жатқанымызды ұмытпайық. 
Бәтила ҚОҒАМБАЕВА, 
«Балдәурен» балабақшасының медбикесі 

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.