ӘЛЕУМЕТ

Ұстаздар ұлықталды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 12.10.2021
Оқылды: 1552 Печать страницы
Ұстаздар ұлықталды

Елдің дамуы оның білім беру жүйесі арқылы бағаланатын болады», деген сөз жайдан-жай айтылмаса керек. Себебі мемлекеттің мерейін өсіріп, мәртебесін арттыратын адам болса, сол адамды маман қылып шығаратын, шынықтыратын мектеп. Білім мен тәрбиенің тал бесігі. Осы бесікті тербетіп, ақылын аямайтын, шәкіртін аялайтын ұстаздар десек жалған болмас. Күні кеше аудандық Мәдениет үйінің төрінде еңбегі еленген үздік ұстаздарды Жамбыл Бейсенбай марапаттады.  Ұлтқа мақтаныш, ұжымға сыйлы болып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде талмай талпынып жүрген ұстаздар қауымын марапаттау рәсімінде аудан әкімінің су жаңа орынбасары өзі де ақтарыла сөйлеп, ағынан жарылды. 
«Мұғалім – ұлы мамандық иесі. «Ұстаз» деген ұғымда ұлылық та, жылылық та бар. Өйткені алдарыңызға тарыдай болып келген бала таудай азамат болып шығады. Бүгінгі таңда білім беру саласының алдында Мемлекет басшысының тапсыруымен жаңа да жауапты міндеттер тұр. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Біз қазіргі уақытта жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшудеміз. Бұл орайда мұғалімдердің атқарар рөлі орасан зор. Сондықтан сіздерге сарқылмас күш-жігер тілеймін», деді Жамбыл Бейсенбай. 
Айта кететін тағы бір жайт, Білім және ғылым министрлігі ағымдағы мұғалімнің қоғамдағы имиджін қалыптастыру, педагог мәртебесін арттыру, моралдық-материалдық ынталандыру мақсатында білім беру ұйымдарында, аудандық бі¬лім бөлімдерінде, облыстық білім басқармаларында түр¬лі шаралар ұйымдастырады. Соның нәтижесінде жыл сайынғы «Үздік педагог-2021» республикалық конкурсының жеңімпазы болып  Қ.Қ.Жалайыри атындағы қазақ орта мектеп гимназиясының мұғалімі Темірғали Зарина Ержанқызы төс белгімен, куәлік және 1000 АЕК мөлшерінде  сыйақы табыс етілді.
Сонымен қатар білім саласының дамуына зор үлес қосқан ауданымыздың 10 ұстазы аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен,  10 ұстазы Құрмет грамотасымен,  және тағы 22 ұстаз білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Айгүл АЙМАНБЕКОВА.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.