ӘЛЕУМЕТ

Қарттарым-асыл қазына

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 12.10.2021
Оқылды: 1546 Печать страницы
Қарттарым-асыл қазына

«Даламның иісі бұрқырап», Қарттарым, аман – сау жүрші!» - деп ақындар жырлағандай Мұсабек ауылдық округінің әкімдігі мен ауыл ақсақалдар ұйымының ұйымдастыруымен Мұсабек ауылының «Нұрлан» кафесінде қарттар күніне арналған дастархан жайылып, осы округке қарасты ауылдардың аяулы ата – әжелеріне арнайы құрмет көрсетілді. Мәңгі өмір жоқ, бірақ мәнді өмір бар – демекші, үйде немере – шөберелерінің қасынан шықпай отырған ата – әжелеріміз өздерінің қазақи дәстүр – салтымен бір – бірімен шүйіркелесіп, жиналған жұрт отырысының сәнін кіргізді. Алғашқы сөз алған Мұсабек ауылдық округіне жаңадан әкім болып сайланған Тантыбай Ербол, ауылының ата – әжелерінің өмірдегі ең қымбатты жандар екенін, жастар тәрбиесіндегі көрсететін ықпалының ерекше екенін айта келе, ұзақ ғұмыр тілейтінің айтып құттықтады. Сонымен бірге осы іс – шараны өткізуге демеушілік көрсеткен кафе иесі Өзенбаев Дүйсенбайға, шаруа қожалықтарының иелеріне, Алпысбаев Қалибекке алғыс білдіреді. Сонымен қатар құттықтау сөз алған ақсақалдар алқасының төрағасы Қонқақов С. , әлеуметтік қызметкер Жақсыбаева Е., мектеп директоры Оспангазиева Б., кәсіпкер Өзенбаев Д., күміс алқалы аналар Байрозова Р., Мұсабекова Ш. т.б. қарттарды жақсы күнмен құттықтап, ризашылықтарын білдірді. Ауыл әкімшілігінде ұзақ жылдан қызмет атқарып келе жатқан Әлібай З., өз сөзінде бұрынғы осы ауылдық ақылшы аталарын еске алып, марқұмдарға бағышталып оқылған құран қабыл болсын деген жылы лебізін білдірді. Отырыстың сәнін кіргізген ауылдың «Ақ кимешек» әжелер ансамбль мүшелері атыныан Сембаева Нұржан құттықтау сөз айтып, өздерінің репертуарындағы: «Қазақ елі», « Зейнеткерлер маршы», «Көш қызығы» әндерін орындап, көпшілік құрметіне бөленді. Отырыс соңы мектеп оқушыларының концерті мен биге ұласып, ата – әжелер риза болып тарқасты.

К.Болтаева,
әжелер ансамбль жетекшісі.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.