ӘЛЕУМЕТ

Депутаттар құрылыс нысандарын аралады

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 12.10.2021
Оқылды: 1629 Печать страницы
Депутаттар құрылыс нысандарын аралады

Бүгінде  елімізде  баспана мәселесі өте өзекті. Баспаналы болғысы келетін адамдардың саны жылдан-жылға артуда. Мемлекет тарапынан бұл түйткілді шешу үшін қажетті бағдарламалар қабылданып, тиісті шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Мемлекет халықты, оның ішінде осал топты, жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Ауданымызда бұл бағытта жұмыс жүргізілуде. Соңғы жылдары аудан аумағындағы бес қабатты тұрғын үйлер, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер ел игілігіне пайдалануға берілсе, биыл бірқатар әлеуметтік нысан бой көтермек. Олардың қатарында мектеп те, тұрғын үй де бар.
Ауданда құрылыс жұмыстары қалай жүріп жатыр? Жұмыстың сапасы қандай? Осыны білу мақсатында  аудандық мәслихаттың хатшысы Әлдибек Досымбеков,  Ғалым   Байжұманов, Қалибек Алпысбаев, Курбан Гаджиев және облыстық мәслихат депутаты Секенбай Шеңгелбаев құрылыс нысандарын аралап көрді. 
Балпық би ауылындағы бес қабатты 60 және 20 пәтерлі тұрғын үйдің, Талапты ауылындағы шағын футбол алаңының  құрылыс жұмыстарымен танысты. Іс басында жүрген жауапты тұлғалармен жолығып, әңгімеге тартты. Олардан жұмыс барысы туралы сұрап, мән-жайдан құлағдар болды. Құрылыс жұмыстарының сапалы атқарылуына назар аударды. Бақылау бар жерде жұмыс жүйелі жүретінін, аудандағы құрылыс нысандары мәслихат депутаттарының назарында екенін жеткізді.
Бұл екі нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құрылысшылар іске белсене кіріскен, арнайы техникалар тартылған.
Айта кетейік, партия бастаған халық қалаулылары «Жол картасы» «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.  Әрі қарай депутаттар жұмыс жоспарына сәйкес, Ақтекше, Мәмбет ауылдарына барып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жарияланған Жолдауын жұртшылыққа түсіндіруге орай барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, бірқатар кездесу өткізді. 
Сондай-ақ халық қалаулылары ел үшін маңызды құжатта айтылған міндеттерге тоқталып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сауалдарына жауап берді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.