Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия оқушылары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты акцияға қатысты. Акция аясында сынып сағаттар, суреттер көрмесі безендірілді. Оқушылар Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздерінің пайда болу тарихы және оның қоғамның саяси өміріндегі маңызы мен рөлімен танысты.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас нышандары. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді», - деп атап өткен болатын.
«Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтанышымыз» тақырыбы аясында өткен шаралар барысында мемлекеттік рәміздердің әрбір элементі мен тарихи маңыздылығы, философиялық мәні туралы дәйекті түрде мәлімет берілді.
Ұлжан Әдібаева,
Қ.Қ.Жалайыри атындағы
орта мектеп-гимназиясының
5 –сынып жетекшісі.