Мүмкіндігін тағдыр тарылтқан жандардың көңілін аулау - кімнің болса да кісілік парызы. Бұл ретте, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің рөлі ерекше. Олар жан жылуын сыйлап, шамаларынша кез келген жәрдемін жасайды. Сондықтан, көмекке мұқтаж жандар мен әлеуметтік сала өкілдерінің өзара байланысы да бекем, мерекелері де мазмұндас.
Жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтеді. Əлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда қоғамда болып жат¬қан оқиғалардың дені осы əлеуметтік мəселе төңірегінде туындап жататыны шындық. Əсіресе, «əлеуметтік» ұғымымен қорғау, көмек, қызмет, оңалту, ортаға əсер ету, қамсыздандыру, паналау орны, диагноз, қолдау, педагогика, қызметкер секілді қатарлас қолдан¬ылатын тіркестер құлବғымыз¬ға сіңісті болып кетті. Десек¬ те,¬ бұлардың бəрінің астарында қоғам өмір¬інде болып жат¬қан мəселелерге атүс¬ті қарамай, мем¬лекет¬іміздің əрбір көмекке зəру жандарына қол ұшын созу жатыр. Бүгін осындай көзге көріне бермес, қиындығы көп жұмысты еңсеріп жүрген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы әңгімемізге арқау болмақ.
Бүгінгі таңда, тағдыр тауқыметін тартқан, түрлі жағдайларға тап болған немесе мүмкіндігі шектеулі жандарды көргенімен көмек көрсетуге құлық таныта қоймайтындар да баршылық. Ал, біз тілге тиек еткелі отырған «əлеуметтік саланың» пұшпағын илеп жүрген «қызметкерлер» болса, осындай жандармен бірге біте қайнасып өмір сүреді. Олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қолғабыс жасап, өміріне етене араласады. Əлеуметтік сала қызметкерлері жалғызбасты қарттардың көңілін аулап, барынша қолдау көрсетуде. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қайғысымен бөлісіп, оңалып кетуіне ықпал жасайды. Қазіргі таңда əлеуметтік қызметкер – белгілі бір көмекке мұқтаж адамдарға демеу болар адам ғана емес, ол қоғамның əл-ауқатын жақсартуға бағытталған əлеуметтік саясатты реформалауға қатысушы десек те болады.
Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы көрсетілген көмектерге жеке тоқталсақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» туралы Заңына сәйкес, жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан 195 отбасына немесе 1077 адамға 57717,5 мың теңге тағайындалды. Кепілдік берілетін әлеуметтік топтама 1-3 жасқа дейін 83 жанұяға 86 балаға, 3-6 жасқа дейінгі 98 отбасына 100 балаға, тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы 1-6 жасқа дейінгі 181 отбасына 186 балаға берілді.
Жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқылатын балалары бар 11 отбасыға 27 балаға 539,7 теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. Табысы аз отбсыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегі 52 жанұяға 1214,2 мың теңге тағайындалды. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша 1125 адамға 16408,1 мың теңгеге әлеуметтік көмек төленді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының 2 ардагерлеріне 1000,0 мың теңгеден 2000,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Қайтыс болған Ұлы Отан соғысының қатысушыларының 7 жесіріне 60,0 мың теңгеден 420,0 мың теңгеге көмек көрсетілді. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген және бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған 160 адамға 30,0 мың теңгеден 4800,0 мың теңгеге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көретілді. КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару көзінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты мүгедек болған әскери қызметшілерге 2 адамға 100,0 мың теңгеден 200,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Чернобыль апатынан зардап шеккен 14 адамға 700,0 мың теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді және қайтыс болған зардап шеккендердің 2 жесіріне 100,0 мың теңгеге, Ауған соғысының қатысушыларына - 26 адамға 1300,0 мың Тәджік-ауған соғысының қатысушыларына 20 адамға 1000,0 мың теңгеге көмек көрсетілді. Туберкулез індетімен ауыратын 27 адамға 2143,4 мың. теңгеге және аудан бойынша 2 ҰОС ардагерлеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне 157,5 мың теңге тағайындалды. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 50 балаға 1993,0 мың теңге көмек көрсетілді. Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын іске асыру мақсатында жыл басынан мүмкіндігі шектеулі 189 адам міндетті гигиеналық және техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарға, 28 адам қол арбаға, 24 өтініш сурдо құралдарға, 35 адам тифло құралдарға, 60 адам протездік ортопедиялық бұйымдарға, 50 адам санаторлы – курорттық жолдамаға әлеуметтік қызмет порталы арқылы тапсырыстар беріліп, қамтылды.
Көксу ауданының «Жетісу» мүгедектер қоғамы арқылы 1 ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері 18 мүгедек адамға көрсетіліп, 4303,1 мың теңге төленді. «Инвакөмек» мүгедектер қоғамы аудандағы мүгедектігі бар адамдарға тасымалдау Инватакси жұмыстарын жүргізіп 3382,5 мың теңге төленді. 50 мүгедек адамға жеке оңалту бағдарламасы бойынша 49 жеке көмекшінің қызметтері «Берен» мүгедектер қоғамы арқылы әлеуметтік қызмет порталына жіберіліп, 27490,8 мың теңге төленді. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған 7 адамға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 306,3 теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 1 - меңгеруші, 1-кеңесші, 16 әлеуметтік қызметкер жұмыс атқарады. Бөлімшенің мақсаты қызмет көрсетілетін азаматтардың құқықтарының бұзылмауын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бөлім тарапынан мүгедектер мен жалғызбасы қарттарға 8 түрлі (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік- мәдени, әлеуметтік- құқықтық, әлеуметтік- экономикалық) әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне 77 жалғыз басты бөгде адамның көмегіне мұқтаж қарттар мен мүгедектер есепке алынған. Оның ішінде 1 ҰОС ардагері, 5 мүгедек, 72 қарт зейнеткерлер. Оларға жетісіне кемінде 2 рет кесте бойынша әлеуметтік қызметтерлер үйлеріне барып, азық-түлік, дәрі-дәрмек, пәтерлеріне жеңіл тазалық жұмыстары жүргізіліп, коммуналдық төлемдерін төлеп, емханаларға апаруға тағыда басқа қызмет түрлерімен қамтиды. Аудан бойынша 28 мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке оңалту бағдарламасы бойынша үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі арқылы 10 әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсетеді. Тоқсан сайын ауылдық округтерге барып әлеуметтік қызметкерлердің жұмыстарын қадағалап есепте тұрған мүмкіндігі шектеулі балалармен және 18 жастан асқан мүгедек тұлғалардың, ата-аналардың қал жағдайын біледі. Сондай-ақ 1 маусым - Халықаралық балалар қорғау күнімен аудан әкімі атынан құттықтап, демеушілік көмек арқылы сыйлықтар табысталды. Ауданда Халықаралық қарттар күні қазан айының 1-10 аралығында «Қарттарымызды ардақтайық» деген атаумен аталып өтті. Аудандағы мекемелерде, ауыл округтерінде аз қамтамасыз етілген отбасыларына, мүгедек адамдарға және талай жыл еңбек еткен ардагер-қарттарға барынша қамқорлық жасалынуда.
26-қазан күні аудан әкімнің қолдауымен музыкалық мектептің залында «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің» мерекесі аталып өтілді. Әлеуметтік салада қызмет атқаратын қызметкерлер аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт күндізгі болу орталығының» қызмет алушылары және музыкалық мектептің ұстаздары мен оқушылары мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өз-өнерлерін көрсетті.
МЕРУЕРТ РАХМИШОВА.