Мен Абдрұзақ Айнұр неліктен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін таңдадым?
ҚазҰУ еліміздегі және Орталық Азиядағы ең мықты және ең үлкен оқу орны болып табылады.Себебі, университетте жоғары дәрежелі ұстаздар білім береді. Нақты айтсақ, онда 1000 нан астам ғылым докторлары мен кандидаттары, 100 академик пен 50 философия докторлары жұмыс істейді. Қазіргі таңда уиверситетте 16 факультет, 32 ғылыми зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк пен әскери кафедра бар. Оқу орны 86 мамандық даярлап шығарады. Оқу орнының беделін көтеретін жетістіктері көп, оның бірі осы 2021 жылғы QS World University Rankings жаһандық рейтингісінде 800 университтердің ішінен 165-ші орынға көтерілуі.
Университте студенттің өмірін қызықты әрі тиімді өткізуі үшін барлық жағдайлар жасалған. Орта Азиядағы ең үлкен кітапхана, Интернет орталығы, Студенттер сарайы, Спорт кешені, кинотеатр, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Фуд-корт. Ия, ия, осының барлығы Әл-Фараби университетінде шоғырланған.Оқу орнында студенттер өзін көрсетуі үшін әртүрлі бағыттағы ұйымдар құрылған. Атап айтсам, Маслихат, Сұңқар студенттер одағы, «Көмек» қайырымдылық жасау ұйымы және басқалары. Мен бұлардың ішінен Маслихат ұйымының мүшесі болдым.
Бұл университетке түсуді мен 11 сыныпта өз алдыма мақсат етіп қойдым және сол мақстыма жеттім. Менің таңдаған факультетім «Экономика және бизнес жоғары мектебі». Қазіргі таңда университетте білім алып жатқан барлық 1 курс студенттерінің сабағы онлайн форматта өтуде. Дегенмен, онлайн оқу біздің жоғары деңгейде білім алуымызға кедергі болып жатқан жоқ. Ағылшын тілі сабағына тоқталып өтсем,бұл пәнді оқытушы мұғаліміміз сабақтың қызықты, әрі пайдалы өтуі үшін әртүрлі әдістерді қолдануда. Мысалы фильм көру, әртүрлі платформадағы тесттер мен тапсырмалар, ағылшын тілінде видеороликтер жасау. Осылайша біз ағылшын тілін жан-жақты дамытудамыз.Мен өз таңдауымда қателеспегеніме сенімдімін. Осындай беделді университеттің студенті болу мен үшін үлкен мәртебе.
Айнұр Абдрұзақ,
1 курс студенті
Жетекшісі: З.А.Тлеугабылова