Ілияс Жансүгіров атындағы колледж Алматы облысы колледждерінің арасындағы ең беделді колледждердің бірі.Бұл коллледжде түрлі мамандықтар бойынша мыңдаған студент білім алады.Колледж ішінде стеденттер түрлі іс-шараларға белсене ат салысады.Қазіргі кездегі карантинге сай колледж ішінде карантин шаралары ұстанылады.
Коллледж студенттері түрлі конкурстар,жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болуда.
Сол конкурстардың бірі жақын арада өткен Республикалық колледж студенттеріне арналған «Student Energy Challenge-Junior» байқауы.
Республикалық колледж студенттеріне арналған «Student Energy Challenge-Junior» байқауының іріктеу қорытындысы бойынша Zhansugurov college-нің «Zhansugurov college», «IT ZH» команда құрамы финалға өтті.
«KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан» компаниясымен серіктесе отырып әрі оның қаржылай қолдауымен 2017 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Student Energy Challenge» мерейтойлық байқауының шеңберінде колледж студенттеріне арналған «Student Energy Challenge-Junior» (Байқау) жобасы алғаш рет өткізіліп отыр.
Республика бойынша колледж студенттерінің 41 командасы қатысты.
2 кезеңде - 1-19 шілде аралығында Іріктеу комиссиясы Қазақстанның 9 аймағынан 32 команданың, 17 колледж өкілдерінің видеорезюмелерін қарап, бағалады.
Нәтижесінде Іріктеу комиссиясы Байқау критерийлеріне сәйкес келетін 20 команданы финалдық кезеңге жіберу туралы шешім қабылдады.
24 қыркүйек 2021 жылы өткен финалдық кезеңде «IT ZH» командасы үздік ондыққа кірді. Ал «Zhansugurov Сollege» жас ғалымдар құрамы Сапар Сұлтан, Брімтай Лейла, Өмірсерік Шолпан және Хасанова Адэлия Республикалық колледж студенттеріне арналған «Student Energy Challenge-Junior» байқауында 1-орынды иеленіп, 1 жыл бойы ай сайын 40 000 теңге шәкіртақы алу мүмкіндігіне ие болды.
Рухани адамгершілік құндылықтарынқалыптастыруғаорайколледж ішінде түрлі пән апталықтары өткізіліп тұрады.Сол апталықтардың бірінде Абайбекова Лаура Бақтыбақызы 123ШБқ топ білімгерлерімен өткізген «Өзін-өзі тану» пәнінен ашық сабаққа тоқтала кетсек:
Бұл ашық сабаққа колледжіміздің мұғалімдері қатысқан болатын.
Ашық сабақ тақырыбы ретінде «Қарым-қатынас этикасы мен мәдениеті» алынған болатын.Бұл сабақтың басты мақсаты- өзара түсіністікке қол жеткізу, басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік беру. Сабақта түрлі тәсілдер мен сергіту сәттері қолданылды. Сабақ барысында тақырыпқа байланысты бейне роликтер көрсетіліп білімгерлер өз ойларын талқыға салды, сергіту сәті ретінде «ыстық орындық» ойыны қолданылып білімгерлер бір сергіп қалды. Білімгерлер сабақ тақырыбын толықтай ашып,өз білімдерін айқындап,барлық сұрақтарға еркін жауап бере білді. Сабақ өте қызықты өтті,білімгерлерде сабаққа белсене қатысып,жауап беріп отырды және сабақты толықтай түсінді.Бұл апталық білімгерлер мен мұғалім арасында жақсы қарым-қатынасорнатуға септігінтигізуде.Яғни коллледж ішінде білім алу кезеңі белсенді өтуде.
«Zhansugurov college»
123 ШБқ топ білімгері:
Дильназ Жұмеке
Жетекшісі:
Лаура Абайбекова.