
2021 жылдың қараша айында Көксу ауданы Мұқыры ауылындағы «Қызғалдақ» бөбек жай-балабақшасында «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз өтті. Балабақшадағы әрбір мерекені әрқашан естен кетпестей көңілді өткізуге тырысамыз.Бүлдіршіндеріміздің мерекелік көңіл-күйлерін көтеретін жағдай туғызу үшін,музыка залын безендіруге барлық топтың тәрбиешілері бірауыздан ат салысты.
Мерекеге балабақшамыздың барлық 6 топ балалары қатысты.Әр топ өздерінің көз тартымды киім сән үлгісін көрсетіп,жас ерекшеліктеріне сай қызықты билерін билеп,әндерін шырқап жоғары деңгейде өнерлерін көрсетті.
Ертеңгілігіміздің соңында балабақша меңгерушісі Алпысбаева Сәния Керімбайқызы балаларға жылы лебіз- тілектерін білдіріп «Алтын күз» атты республикалық байқауында әртүрлі жанрда қатысып орын алған балаларға дипломдарын табыс етті. «Қызғалдақ» балабақшасы ұжымына творчестволық табыс,бүлдіршіндеріміз ге күз мерекесіндегідей жарқын күлкі,бақытты балалық шақ тілейміз.
Мая Нусипбаева,
«Қызғалдақ» бөбек жай-балабақшасының музыка жетекшісі.