ӘЛЕУМЕТ

Жарқын болашақ үшін дауыс беремін

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 16.11.2022
Оқылды: 750 Печать страницы
Жарқын болашақ үшін дауыс беремін

Биыл ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша Республикалық Референдум өткізу туралы шешім – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы арқылы бастау алды.

Референдумда халық белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады. Осылай отандастарымыз мемлекетіміздің болашағын айқындауға өз қалауын білдірді.

Шыны керек, соңғы кездегі өзгерістерге халық қолдау білдіруде. Өздеріңізге белгілі, былтыр тұңғыш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Жаңа жас көшбасщылар билікке келіп, халықтың қалауы  орындалуда. Елде атқарылып жатқан жұмыстар көп, ал кезең-кезеңімен орындалатын шаруалар да аз емес.

20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні жайлы Үндеу жарияланғалы бері мен де өз таңдауымды жасауға асықпын. Себебі мен ол күні тек менің ғана емес, тұтас елімнің болашағы айқындалатынын білемін.

 

Қуаныш Дүйсенбаев, жастар ресурстық  орталығының жетекшісі

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.