
Бәрімізге белгілі алда 20-қараша Президент сайлауы келе жатыр. Үміткерлер белгілі. Бізге қойдың жілігін жұдырықпен шағатын емес, ақылмен, салқынқандылықпен саясатты шағатын, алмағайып аумалы-төкпелі кезеңде дипломатияны қағатын, тырысқанның тілін табатын тұлға керек. Сондықтан бірге дауыс берейік. Бізге бөлінетін уақыт емес, бірігетін уақыт. Бір мезгілге ғана президент болады. Лайым сол уақытта елдің ертеңі үшін теңдессіз еңбек етіп, елдің еңсесін көтеріп, Жаңа Қазақстан екенін шын мәнінде дәлелдеп жаңа бір белеске көтеріп берсе екен деген тілек бар. Алда жұмыс көп жылтырап билеп жүретін уақыт жоқ. Десекте бір елдің жүгі бір ғана адамның мойынында емес екенін ұмытпау керек. Әр Қазақстандықтың мойынындағы парызы екенін естен шығармайық. Әр маңызды іс, кішкентай қадамнан басталары белгілі. Сондықтан алда болатын сайлауға бір үйдің баласындай болып барып дауыс беруге шақырамын. Әр адам белсенді болса болашақ жарқын болары белгілі. Болашағымыз жарқын болсын десек әркім өзінен бастасын!
Жетпісбай Айманбеков, Айнабұлақ ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы