ӘЛЕУМЕТ

САЙЛАУҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫН

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 16.11.2022
Оқылды: 744 Печать страницы
САЙЛАУҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫН

Бірлік, татулық, ынтымақ деген ұғымдар – мәңгілік бөлінбейтін, берекесін бірге ұстаған еліміздегі ең биік ұғым, сан ғасырлар бойғы дана халқымыздың бойына сіңген асыл қасиеттерінің бірі. Бабаларымыз ортақ келісім мен ауызбірлікті, жарасымдылық пен сыйластықты мүдделі түрде еліміздің біртұтастығын сақтауда әрдайым биік ұстаған.

Осылайша бірлігі жарасқан қазақ елін алда келе жатқан саяси науқанға бір кісідей қатысуға, жауапкершілік танытып, өз таңдауын жасауға шақырамын. Әрқайсымыздың сайлауға қатысып, дауыс беруіміз өте маңызды. Сіздер ел болашағының ертеңі жарқын болсын десеңіздер, онда ол өз қолымызда.

Құрметті жерлестер, Президент сайлауына қатысып, ел болашағының дамуына өз үлестеріңізді қосып, өз таңдауларыңызды жасайтындықтарыңызға сенімдімін.

Ел дамуы жолында Сіздің дауысыңыздың маңызды екенін ұмытпаңыз!

Ұлан Ақжолов, №12 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.