ӘЛЕУМЕТ

ЕЛІМІЗДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҮШІН ДАУЫС БЕРЕМІН!

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 16.11.2022
Оқылды: 737 Печать страницы
Мемлекетіміздің президенті Қ.Тоқаев биыл 20 қарашада елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды.
Бұл сайлау еліміздегі жаңа өзгерістер үшін үлесі жоғары саяси науқан болмақшы. Еліміздің тағдыры, Қазақстанның болашағы – әрқайсымыздың қолымызда.
Осы орайда, елдің тұтастығы мен бірлігін нығайту үшін әрбір азамат саналы түрде сайлауға қатысып, дауыс беруі керек. Біздің таңдауымыз – үлкен жауапкершілік. Сол үшін, біз жастар, дауыс берушілердің алғашқы қатарында болуымыз керек.
Қазақстанның тұтастығы мен бірлігін сақтауда Мемлекет басшысын дұрыс таңдау ауқымды рөл атқаратыны сөзсіз. Президент сайлауына баршаңызды қатысуға шақырамын. Сіздің дауысыңыз – Жаңарған Қазақстанның жарқын көрінісі.
 
Альбина Миронова, орыс этно-мәдени орталығының мүшесі
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.