ӘЛЕУМЕТ

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – БІРЛІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 16.11.2022
Оқылды: 724 Печать страницы
САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – БІРЛІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ
Баршамызға белгілі, 2022 жылдың маусым айында елімізде бүкіл халықтық Референдум өтті. Енді міне, 20 қарашада ҚР Президент сайлауы өтпек. Алдағы саяси науқан еліміздің дамуында маңызды рөл атқармақ. Осы сайлауда әрбір азамат өз таңдауын дұрыс жасайды деп ойлаймын.
Президентіміз Қ.Тоқаев өз Жолдауында айтқандай, «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс» деп атап кеткені баршамызға аян. Яғни, Президенттің кезектен тыс сайлауы, мемлекетіміздің оң өзгерістерге ұласып саяси-экономикалық дамуына өте үлкен үлес қосатындығына сенеміз.
Сондықтан да, барша қазақстандықтарды 20 қараша күні өтетін сайлауға белсенді қатысып өз таңдауларын жасауға шақырамын.
Катира Күзбаева, жеке кәсіпкер
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.